Байсеитова Гулназ Абдуманаповна – агрономия мамандығы бойынша философия докторы (PhD), өсімдік селекциясы, өсімдік биотехнологиясы және өсімдіктер физиологиясы бағытында ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырып келе жатқан маман. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Агробиология факультеті, «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасында қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы (PhD) қызметін атқарады.
1998–2002 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология факультетінде білім алып, биология мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін және орта білім беру ұйымдарында биология пәнін оқыту біліктілігін алды. 2002–2004 жылдары осы университеттің Биология факультетінде биотехнология мамандығы бойынша магистратураны тәмамдап, биотехнология магистрі академиялық дәрежесін иеленді.
2004–2006 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология факультетінде аспирантурада ғылыми зерттеулер жүргізді. Кейін ғылыми қызметін жалғастыра отырып, 2017–2020 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Агробиология факультетінде PhD докторантурада білім алып, 6D080100 – Агрономия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғады.
Ғылыми еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ғылым комитетінің Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтында бастап, онда аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер және аға ғылыми қызметкер қызметтерін атқарды. Бұл кезеңде өсімдіктер физиологиясы, өсімдіктер биотехнологиясы және селекция салалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізді. 2020 жылдан бастап Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ғылыми-педагогикалық қызметін жалғастырып, агробиология, генетика, селекция және өсімдік биотехнологиясы бағытында мамандар даярлау ісіне белсенді қатысып келеді.
Ғылыми қызығушылықтары және зерттеу бағыттары
Байсеитова Г.А. ғылыми-зерттеу қызметі ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық әлеуетін арттыру, өсімдіктердің қолайсыз экологиялық факторларға төзімділігін зерттеу және биотехнологиялық әдістерді қолдану арқылы өнімділігі жоғары және бейімделгіш сорттарды шығару мәселелеріне бағытталған.
Негізгі ғылыми зерттеу бағыттары:
-
ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық ресурстарын зерттеу және селекциялық бағалау;
-
күріш, қант құмайы және соя дақылдарының биологиялық және шаруашылыққа пайдалы белгілерін зерттеу;
-
өсімдіктердің абиотикалық стресс факторларға (тұздану, құрғақшылық және т.б.) физиологиялық және биохимиялық төзімділік механизмдерін анықтау;
-
маркер-ассоциацияланған селекция (MAS) әдістерін қолдану арқылы ауруларға төзімді жаңа генотиптерді іріктеу;
-
биотехнологиялық тәсілдерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапалық көрсеткіштерін арттыру.
Бірқатар ғылыми жобаларға қатысқан. Атап айтқанда, күріштің Magnaporthe oryzae қоздырғышына төзімділігін арттыру және пирикуляриоз ауруына төзімді, перикарпы боялған күріш сорттарын шығару бағытындағы ғылыми жобаларда зерттеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар қант құмайының өнімділігі мен стресс факторларға төзімділігін зерттеуге арналған ғылыми жобаларда жауапты орындаушы ретінде қатысқан.
Ғылыми жетістіктері
Г.А. Байсеитованың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері халықаралық және отандық ғылыми басылымдарда жарияланған. Оның ғылыми мақалалары Scopus және Web of Science деректер базасына енгізілген халықаралық ғылыми журналдарда жарық көрген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда бірқатар ғылыми мақалалары жарияланған.
Ғылыми жарияланымдары ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы, өсімдіктердің тұздануға төзімділігі, қант құмайының биологиялық ерекшеліктері және күріш селекциясының заманауи мәселелеріне арналған.
Ғылыми-зерттеу қызметі барысында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған бірқатар ғылыми жобаларға қатысып, олардың нәтижелерін ғылыми жарияланымдар мен практикалық ұсынымдар арқылы таратуға үлес қосып келеді. Сонымен қатар ғылыми-педагогикалық қызметінде студенттер мен жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуына жағдай жасап, аграрлық ғылымның дамуына үлес қосып келеді.
Оқу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Мамандығы: Биология
Бітірген жылы: 1998-2002 ж.
Біліктілігі: бакалавр/маман Биолог. Биология пәнінің мұғалімі.
Оқу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Мамандығы: Биотехнология
Бітірген жылы: 2002-2004 ж.
магистр биотехнологии
Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Мамандығы: Агрономия
Бітірген жылы: 2017-2020 ж.
6D080100 Агрономия мамандығы бойынша философия докторы (PhD)
-
АР14869300 «Күріштің Magnaporthe oryzae қоздырғышына төзімділігін маркер-ассоциацияланған селекцияны пайдалану арқылы арттыру (MAS)» Мерзімі: 2022-2024 гг.
-
BR18574149-OT-23 «Қазақстанның күріш өсірілетін аймақтары үшін биотехнология негізінде пирикуляриозға төзімді, перикарпы боялған күріш сортын жасау». Мерзімі: 2022-2024 гг.
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
-
Амирова А., Усенбеков Б., Беркімбай Х., Мыңбаева Д., Атабаева С., Байсеитова Г., Мелдебекова А., Жунисбаева Ж., Кенжебаева С., Мухамеджанов С. Күріштің селекциялық линияларын биотикалық және абиотикалық стресс факторларына төзімділігі бойынша іріктеу // Brazilian Journal of Biology, vol. 84, 2024, P. e282495 (Scopus, Q2) https://doi.org/10.1590/1519-6984.282495
-
Байсеитова Г., Беркімбай Х., Мыңбаева Д., Нусупова А., Амирова А., Усенбеков Б., Кулахметова Ж., Ерназарова Г., Казкеев Д., Мухамеджанов С. Перикарпы боялған күріштің соңғы буынды түрлерінің тұқым қуалаушылығы және амилоза мөлшері // Brazilian Journal of Biology, 2023, vol. 83. (Scopus, Q2) https://doi.org/10.1590/1519-6984.280919
-
Мукашева Д., Киршибаев Е.А., Байсеитова Г., Оразбаев А., Адманова Г. Қант құмайы (Sorghum Saccharatum (L) Pers.) түрлерінің қоршаған ортаның стресстік факторларына төзімділігінің ерекшеліктері // OnLine Journal of Biological Sciences, 2022 (1): pp. 46-57. (Scopus, Q2) https://doi.org/10.3844/ojbsci.2022.46.57
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
-
Есенбаева Д.М., Жолдасбаева А.Б., Абилдаев Е.С., Баядилова Г.О., Байсеитова Г.А., Құланбай Қ.Ж. Әр түрлі суғару жағдайында майбұршақ сортүлгілерінің фенологиялық даму фазаларының ұзақтығын анықтау // Ізденістер, нәтижелер. №1 (105) 2025, С. 114-120 https://doi.org/10.37884/1-2025/14,
-
Есенбаева Д.М., Жайлаусалқызы Г., Абилдаев Е.С., Мырзабаева Г.А., Байсеитова Г.А. Суармалы және қуаңшылық егістік жағдайында майбұршақ тұқымдарының өну энергиясын және өнгіштігін анықтау // Исследования, результаты. №1 (105) 2025, С.121-127 https://doi.org/10.37884/1-2025/15 , https://journal.kaznaru.edu.kz/index.php/research/article/view/835/526
-
Беркімбай Х.Ә., Байсеитова Г.А., Усенбеков Б.Н., Амирова А.К., Мынбаева Д., Казкеев Д.Т., Мухамбетжанов С.К. Структура урожайности генотипов риса с окрашенным перикарпом поздних поколений // Ізденістер, нәтижелер. №1 (101) 2024, С. 46-56. https://doi.org/10.37884/1-2024/05, https://journal.kaznaru.edu.kz/index.php/research/article/view/464
-
Есенбаева Д., Жайлаусалқызы Г., Байсеитова Г.А., Ешенгалиева А. Суармалы және қуаңшылық егістік жағдайларда майбұршақтың фенологиялық кезеңдерінің дамуын бағалау // Ізденістер, нәтижелер № 4 (104) (2024), С. 216-223. https://doi.org/10.37884/4-2024/22, https://journal.kaznaru.edu.kz/index.php/research/article/view/762/487
-
Есенбаева Д., Исах Н., Байсеитова Г.А., Ешенгалиева А. Қазіргі биотехнология контекстінде соя өсіруге арналған бастапқы материалдарға қойылатын талаптар // Ізденістер, нәтижелер. № 4 (104) (2024), С. 200-208 https://doi.org/10.37884/4-2024/20, https://journal.kaznaru.edu.kz/index.php/research/issue/view/26
-
Киршибаев Е.А., Байсеитова Г.А., Оразбаев А.Е., Турашева С.К., Турдыгалиева Е.Н., Байсеитов Д.А. Қант құмайы (Sorghum saccharatum (L.) Pers.) сорттарының тұздануға төзімділік ерекшеліктері // ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы – 2021. – № 4(89). – С. 55-61. https://doi.org/10.26577/eb.2021.v89.i4.06, https://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/1696
МОНОГРАФИЯЛАР ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ
-
Байсеитова, Г.А. Қазақстанның оңтүстік шығыс аймағында құмай (SORGHUM MOENCH) сортүлгілерін шаруашылық өнімділігі және тұздану мен құрғақшылыққа төзімділігі бойынша салыстырмалы талдау [Мәтін]: моногр. / Г.А. Байсеитова; "ҚазҰАЗУ" КеАҚ.- Алматы: Полиграфия, 2025.- 124 б. http://lib.kaznaru.edu.kz/res/ebook_2829/index.html
-
Физиолого-биохимические, генетико-селекционные и биотехнологические исследования риса в Казахстане [Текст] / Б.Н.Усенбеков, Б.А.Сарсенбаев, К.Ж.Жамбакин [и др.]; МНиВО РК; Ин-т биологии и биотехнологии растений; КазНУ им. аль-Фараби.- Алматы: Тоғанай-Т, 2024.- 520 с.- (Посвящ. 30-летию Ин-та биологии и биотехнологии растений и 90-летию КазНУ им. аль-Фараби). http://lib.kaznaru.edu.kz/?dbid=BOOKS
Әдістемелік ұсынымдар
-
Байсеитова, Г.А. "Өсімдіктер селекциясы" пәнінен оқу-әдістемелік нұсқаулық (дәріс жинағы) [Электронды ресурс]: 6В05104-"Биоинформатика", 6В05103-"Биоинженерия" білім беру бағдарламаларында оқитын білім алушыларға арн. / Г.А. Байсеитова; "ҚазҰАЗУ" КеАҚ.- Алматы: Полиграфия, 2025.- 75 б. http://lib.kaznaru.edu.kz/res/ebook_3027/index.html
-
Байсеитова, Г.А. "Молекулалық биология" пәнінен оқу-әдістемелік нұсқаулық (дәріс жинағы) [Электронды ресурс]: 6В05104-"Биоинформатика", 6В05103-"Биоинженерия" білім беру бағдарламаларында оқитын білім алушыларға арн. / Г.А. Байсеитова; "ҚазҰАЗУ" КеАҚ.- Алматы: Полиграфия, 2025.- 42 б. http://lib.kaznaru.edu.kz/res/ebook_3039/index.html
-
Байсеитова, Г.А. "Өсімдіктер физиологиясы" пәнінен оқу-әдістемелік нұсқаулық (дәріс жинағы) [Электронды ресурс]: 6В05104-"Биоинформатика", 6В05103-"Биоинженерия" білім беру бағдарламаларында оқитын білім алушыларға арн. / Г.А. Байсеитова; "ҚазҰАЗУ" КеАҚ.- Алматы: Полиграфия, 2025.- 58 б. http://lib.kaznaru.edu.kz/res/ebook_3039/index.html
-
Байсеитова, Г.А."Орман биотехнологиясы" пәнінен оқу-әдістемелік нұсқаулық (дәріс жинағы) [Мәтін]: 6В08302-"Орман ресурстары және орман шаруашылығы" білім беру бағдарламаларына арн. / Г.А. Байсеитова; "ҚазҰАЗУ" КеАҚ.- Алматы: Полиграфия, 2025.- 65 б. http://lib.kaznaru.edu.kz/?dbid=BOOKS
-
Байсеитова, Г.А."Өсімдіктер селекциясының физиологиялық негіздері" пәнінен оқу-әдістемелік нұсқаулық (дәріс жинағы) [Мәтін]: 7М08112-"Ауылшаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы" білім беру бағдарламаларына арн. / Г.А. Байсеитова; "ҚазҰАЗУ" КеАҚ.- Алматы: Полиграфия, 2025.- 69 б. http://lib.kaznaru.edu.kz/?dbid=BOOKS
-
Байсеитова, Г.А."Ғылыми зерттеу әдістері" пәнінен оқу-әдістемелік нұсқаулық (дәріс жинағы) [Мәтін]: 8D08113-"Өсімдіктер селекциясы" білім беру бағдарламаларына арн. / Г.А. Байсеитова; "ҚазҰАЗУ" КеАҚ.- Алматы: Полиграфия, 2025.- 69 б. http://lib.kaznaru.edu.kz/?dbid=BOOKS
Бакалавриат:
-
Өсімдіктер физиологиясы
-
Молекулалық биология
-
Өсімдіктер селекциясы
-
Орман биотехнологиясы
-
Ауылшаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы
Магистратура:
-
Өсімдік селекциясының физиологиялық негіздері
Докторантура:
Ғылыми зерттеу әдістері
-
«Молекулалық биология», 72 сағат, Best Innovation Group Lnc Образовательный центр, № 00825/YG-0037/1, 29.08.2025 ж.
-
«Қазақстан жағдайындағы агроэкология және тұрақты ауыл шаруашылығы», 72 сағат, КазҰАЗУ, № 001645, 25.04.2025 ж.
-
«Жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім беру», 72 сағат, «Lawers&CO» ЖШС, №10261, 05.06.2025 ж.
-
«Өсімдіктер селекциясы», 72 сағат, N&T Consulting company, №00725/Xg-0016, 02.08.2025 ж.
-
«Орман биотехнологиясы» пәнін оқытудың инновациялық әдістері» 72 сағат, N&T Consalting Company, №00424/Xg-0039, 22.04.2024 ж.
-
«Ғылыми зерттеу әдістері» 72 сағат, Образовательный центр, № 00124/ВХ-0057/4, 20.01.2024 ж.
-
«Бұршақ және дәнді бұршақ дақылдарын өсіру технологиясы» 72 сағат, Образовательный центр, № 00624/GR-0073/4, 29.06.2024 ж.
-
«Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау технологиясы» 72 сағат, № 00824/Gw-0051, 24.08.2024 ж.
-
«Өсімдік селекциясының физиологиялық негіздері», 72 сағат, № 00224/XR-0031/4, 06.03.2024 ж.
-
«Биотехнология саласындағы молекулалық әдістер» 72 сағат, ҚазҰАЗУ, №70, 13.03.2023 ж.
-
«Биология және сабақтас ғылымдар» даярлау бағыты бойынша IT-құзыреттілік және онлайн-оқыту әдістемесі саласы» тақырыбындағы 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы, Ғылым және жоғары білім министрлігі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы. №001468, 30.06.2023 ж.
-
«Генетика және өсімдіктердің селекциясы» 72 сағат, ҚазҰАЗУ, №21, 21.02.2023 ж.