Сүлейменова Сәуле Ертайқызы 1976 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтын «Селекционер және тұқымшаруашылығы» мамандығы бойынша үздік бітіріп, өзінің ғылыми қызметін Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қабырғасында аспиранттан бастап, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкерден ғылыми хатшыға дейін өтті.
1987 жылы Мәскеу қаласындағы Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясында 06.01.05 – селекция және тұқым шаруашылығы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
1980 жылдан бастап академик И. Р. Рахимбаевтың жетекшілігімен эмбриокультура, гаплоидты технология сияқты биотехнологияның заманауи әдістерін дәстүрлі селекция әдістерімен үйлестіру бойынша зерттеулермен айналысты. 2001 жылдан бері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу универ-ситетінің «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасында доцент, 2008 жылдан бастап профессор болып жұмыс атқарады.
2007 жылы 06.01.05 – селекция және тұқымшаруашылығы мамандығы бойынша биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғап, 2009 жылы «биология бойынша профессор» ғылыми атағын алды.
Кафедрада жұмыс істей отырып, ғылыми жаңалығы және ғылым мен педагогикалық практикада тиімді қолданылуы бар: «Инновационные методы в селекции растений», «Өсімдік селекциясындағы заманауи технологиялар және әдістер» және ҚР БҒМ грифімен «Өсімдік селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері» атты үш оқулықтың, «Сорттану, тұқымшаруашылы және тұқымтану», «Сортоведение, семеноводство и семеноведение» атты оқу құралдарының және бірнеше әдістемелік нұсқаулардың, 150-ден астам қазақ және орыс тілінде жазылған оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстардың авторы. Сәуле Ертайқызы бір пияз, үш картоп сорттарының авторларының бірі. Оның жетекшілігімен көптеген дипломдық жұмыстар, магистрлік диссертациялар және Философия докторы (PhD) дəрежесін алуға дайындалған үш докторлық диссертация қорғалды.
Оқу орны: Қазақ ауылшаруашылығы институты
Мамандығы: «Селекционер және тұқымшаруашылығы»
Бітірген жылы: 1976 жыл;
1987 жылы 06.01.05 – селекция және тұқым шаруашылығы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация;
2007 жылы 06.01.05 – селекция және тұқымшаруашылығы мамандығы бойынша биология ғылымдарының докторы.
Жоба атауы: AP32725781 In vitro культурасы жағдайында күздік сарымсақтың (Allium sativum L.) клондық микрокөбей-ту және сауықтыру технологиясын әзірлеу.
Қаржыландыру түрі: ҚР Ғылым және жоғары білім министр-лігінің гранттық қаржыландыруы.
Іске асыру мерзімі: 2026–2028 жж.
Жоба жетекшісі: Сулейменова С.Е.
Сілтеме: https://…..
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
1. Tokenova A., Sitpayeva G., Suleimenova S.E. Wild Allium longicuspis Regel is a Feral Form of Allium sativum L. in Kazakhstan: A Comparative Molecular Genetic Analysis. //OnLine Journal of Biological Sciences 2023, 23 (1): 33.43.
2. Kamzina Gulim., Seilgazina S.M., Suleimenova S.E. The effects of NPK fertilization on hay production and some yield components of crested wheatgrass (Agropyron cristatum) in the dry steppe zone of Eastern Kazakhstan// Eurasian Journal of Soil Science. Volume 11, Issue 4, Oct 2022, Pages 337-344.
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
2. Айнебекова Б.А., Абдикадирова А.К., Әбуғали Ғ.Р., Сүйінова Г.Е.Сулейменова С.Е. Жұмсақ күздік бидайдың морфобиологиялық белгілерінің өнімділікпен байланысын зерттеу// Ізденістер,нәтижелер –Исследования, результаты. No2 (102) 2024. 300-313 б.
МОНОГРАФИЯЛАР ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ
1. Өсімдік селекциясындағы заманауи технологиялар және әдістер. Алматы, 2024ж. ««Айтұмар». 240 б.
2. Инновационные методы в селекции растений.Алматы, 2022 г. «Айтұмар». 240 с.
Конференция материалдары
1. 3. Асылбек А.М., Рахимова Е.В., Сулейменова С.Е. Видовой состав грибных патокомплексов картофеля на юго-востоке Казахстана. //Проблемы и перспективы изучения биоразно-образия растительного мира в центральной Азии. Ташкент. 2022 г. с.40-46.
2. Сулейменова С.Е. Идентификация генов устойчивости картофеля к золотой нематоде (Globodera Rostochinsis) с помощью ПЦР – анализа. //Сб. матер. междунар. научно-практич. конф. «Актуальные проблемы агронауки в условиях адаптации к глобальному изменению климата», посвящ.75-летию д.с.-х.наук, профессора, академика НАН РК и АСХН РК Мейірман Ғалиолла Төлендіұлы. с. Алмалыбак. 2021 г. с.300-302.
Әдістемелік ұсынымдар:
1. «8D08113 – Өсімдік селекциясы» білім беру бағдарлама-сында оқитын білім алушыларға арналған «Өсімдік селек-циясындағы инновациялық технология және әдістер» пәнінен оқу-әдістемелік нұсқаулық (дәріс жинағы);
2. Методическое указание для образовательной программы «8D08113 – Селекция растений» по дисциплине «Инноваци-онные технологии и методы в селекции растений» (сборник лекции).
Бакалавриат: Қолданбалы биотехнология.
Магистратура: Гүлді өсімдіктердің репродуктивті биологиясының негіздері.
Докторантура:
•Өсімдік селекциясындағы инновациялық технологиялар және әдістер.
•Өсімдік селекциясындағы инновациялық технологиялар және әдістер.
Соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру курстары:
1. «Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы, биотех-нологиясы және тұқым шаруашылығындағы инновациялық технологиялар», «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу универси-теті» КЕАҚ, Біліктілікті арттыру институты, 2023 жылғы 5-ші маусымынан 2023 жылғы 17 маусымына дейін, 72 сағат.
2. «Биотехнологиядағы молекулалық әдістер», «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ, Біліктілікті арттыру институты, 2023 жылғы 9 наурыздан 2023 жылғы 31 наурызға дейін, 72 сағат.
3. «Өсімдіктер генетикасы және селекциясы», «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ, Біліктілікті арттыру институты, 2023 жылғы 1 ақпаннан 21 ақпанға дейін, 72 сағат.
4. «Мәліметтерді талдау», «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ, Біліктілікті арттыру институты 2021 жылғы 26 қазаннан 2021 жылғы 9 қарашаға дейін, 72 сағат.
5. «Биостатистика», «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ, Біліктілікті арттыру институты 2021 жылғы 11 қазаннан 2021 жылғы 23 қазанға дейін, 72 сағат.
6. «Өсімдіктердің гаплоидтық биотехнологиясы» жауапкер-шілігі шектеулі «Advance» серіктестігі, «2021 жылғы 2 тамыздан 2021 жылғы 17 тамызға дейін, 72 сағат.
7. «Өсімдіктер селекциясындағы инновациялық технология-лары және әдістрі», Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашы-лығы ғылыми-зерттеу институтында 2025 жылдың 4-ші тамызынан 19-шы тамызына дейін, барлығы 72 сағат. біліктілікті арттыру курстарына қатыстым.
«Өсімдіктер генетикасы және селекциясы курсы бойынша «Мал азықтық дақылдар селекциясы» тақырыбында генетика, селекция, тұқым шаруашылығы және тұқымтану саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру үшін дәріс оқылды.
Магистранттардың халықаралық жазғы мектебінде:
«Ауылшаруашылығы дақылдарының сорттық тұқымдарын және тұқымшаруашылығы жүйесінің өндірісін ұйымдастыру» және «Генетиканың селекциядағы рөлі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы бойынша 2024 жылдың 26 наурызы мен 26-шы сәуірі аралығында 72 сағаттан дәріс оқылды.
Фризен Н.В. б.ғ.д., Оснабрюк университетінің профессоры, Оснабрюк қ-сы, Германия (бірлескен жарияланым).