Орталық туралы

Орталық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми, білім беру және инновациялық қызметті дамыту мақсатында құрылған.
Орталық университеттің Ғылыми-білім беру технологиялық платформасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және заманауи ғылыми-зерттеу және білім беру базасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, инновациялық жобаларды іске асыруға және білім алушылардың практикалық даярлығын күшейтуге ықпал етеді.
Орталықтың құрылымына 2020 жылғы 16 қаңтарда «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені үшін кадрлар даярлауға арналған зерттеу зертханаларын құру» жобасы аясында (№30-жқ бұйрық) құрылған Сүт өнімдерінің референттік зертханасы кіреді. Зертхананың салтанатты ашылуы 2020 жылғы желтоқсан айында өтті.
Сүт өнімдерінің референттік зертханасы Codex Alimentarius стандарттарын қоса алғанда, халықаралық талаптарға сәйкес сүт пен сүт өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау саласында ғылыми-зерттеу, білім беру және практикаға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Мақсаттар мен міндеттер
Орталықтың негізгі мақсаты:
– білім алушылардың оқу және өндірістік тәжірибесін ұйымдастыруды қоса алғанда, білікті мамандар даярлау;
– ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету, зертханалық талдаудың заманауи әдістерін енгізу, тағам қауіпсіздігі, микробиология, биотехнология және ветеринария салаларында іргелі, қолданбалы және шаруашылық-шарттық ғылыми зерттеулер жүргізу;
– Университеттің ғылыми жобаларын қолдау, жаңа технологиялардың жедел ғылыми-техникалық дамуын қамтамасыз ету және ұлттық әрі халықаралық стандарттарға сәйкес қызметтер көрсету;
– ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне және басқа да мүдделі тараптарға өнім сапасын тәуелсіз арбитраждық бағалауды қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық-кеңес беру қызметтерін көрсету.
Орталықтың басты міндеті – төмендегі әдістерді меңгерген мамандарды даярлау:
· бейінді білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың практикалық, зертханалық, өндірістік және ғылыми-зерттеу практикаларын өткізу арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру;
· қолданыстағы зертханалық база негізінде студенттер мен магистранттардың кәсіби құзыреттерін дамыту;
· ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау үшін заманауи зертханалық талдау әдістерін енгізу;
· азық-түлік қауіпсіздігі, микробиология, биотехнология және ветеринария салаларында іргелі, қолданбалы және шаруашылық келісімшарттық ғылыми зерттеулер жүргізу;
· ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптарға сараптамалық-консультациялық қызметтер көрсету;
· өнім сапасына тәуелсіз арбитраждық бағалау жүргізуді қамтамасыз ету.
Қызметтер
Инновациялық жобалар
1. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің НТП ПЦФ жобасы BR24892775 –«Шығарылатын өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тағам өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы шикізатын кешенді және терең өңдеу технологиясын әзірлеу».
(Жоба орындаушысы: Досимова Ж.Б.)
2. 2023–2025 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру жобасы –«Иммуномодуляциялық қасиеттері бар биенің сүті негізінде емдік-профилактикалық тағам өнімдерін алу технологиясын әзірлеу».
(Жоба орындаушылары: Досимова Ж.Б., Жүнісбек А.М.)
3. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің НТП ПЦФ жобасы BR22886598 –«Қазақстандық түйе популяцияларының генетикалық әлеуетін арттырудың инновациялық әдістерін әзірлеу, сондай-ақ түйе шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеудің тиімді технологияларын қолдану. Түйе сүтін пастерлеу мен стерилдеудің оңтайлы технологияларын және оның негізінде “Шалап” қышқыл сүтті сусынын өндіру технологиясын әзірлеу».
(Жоба орындаушысы: Досимова Ж.Б.)
4. «Сиыр сүті негізінде функционалдық өнімдер өндіру процестерін жаңғырту» жобасы – ТОО «Байсерке-Агро» серіктестігімен бірлесіп ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған жобаларды гранттық қаржыландыру аясында іске асырылды. Жобаны іске асыру мерзімі: 2019–2021 жылдар. Жоба жетекшісі – Серікбаева А.Д.
5. ҚР АШМ ҒТП ПЦФ BR24892775 жобасы – «Шығарылатын өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тағам өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы шикізатын кешенді және терең өңдеу технологиясын әзірлеу».
6. ҚР АШМ ҒТП ПЦФ BR22886598 жобасы – «Қазақстандық түйе популяцияларының генетикалық әлеуетін арттырудың инновациялық әдістерін әзірлеу, сондай-ақ түйе шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеудің тиімді технологияларын қолдану. Түйе сүтін пастерлеу және стерильдеу бойынша оңтайлы технологияларды, сондай-ақ оның негізінде “Шалап” қышқыл сүтті сусынын өндіруді әзірлеу».
Жоба жетекшісі – Серікбаева А.Д.
Зертхана қызметкерлері аталған жобалардың орындаушылары болып табылады.
Құрылымы
Орталықтың жалпы ауданы - 250 м2
4 блоктан тұрады:
- физика-химиялық бөлім (қышқылдықты, тығыздықты, ақуызды, көмірсуларды, майларды және т.б. анықтау);
- сұйық хроматография (антибиотиктер мен витаминдердің құрамын анықтау);
- микробиологиялық (қауіпсіздік мақсатында сүт өнімдерін талдау.)
- экспресс талдаулар (соматикалық жасушалар және MILKOSCAN аппараты (16 сүт параметрі).
Техникалық құрал-жабдықтар
FEO шеңберінде зертханаға келесі жабдықтар сатып алынды:
Соматикалық жасуша анализаторы - Fossomatic 7
MilkoScan FT1 сүт анализаторы
Shimadzu LC-20 Prominence спектрофотометриялық детекторы бар
Kjeldahl VELP бойынша азотты талдауға арналған кешен
Автоматты криоскоп CryoStar автоматты комп. Funke-Gerber (Германия) қоса алғанда.
Майды алуға арналған аппарат Сокслет
ATX224 аналитикалық таразылары
Муфельді пеш Т=1100°, V=8,2 л
ПЭ-2000 (40°С) ыдыстарды кептіруге арналған құрылғы
Ауа стерилизаторы ГП-40
Ауа термостатының TS-1/80 SPU
Таразылар ELB2000 электронды
pH метр 150MI және т.б.
Жоспарлар мен есептер
- ПОҚ жобалары, PhD докторанттар мен магистранттар (жоба тақырыптары бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу) шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету – жыл бойы
- Технология және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі факультетінің магистранттары мен магистранттарына практикалық және зертханалық жұмыстарды жүргізу – 2023-2024 жж.
- Рецензияланатын халықаралық журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау және пайдалы модельдерге өтінім беру.
- Зертханалық аккредиттеуге дайындық шаралары, сүт өнімдерін зерттеу бойынша аккредиттеу көлемін анықтау, зертхана аралық салыстырмалы сынақтар жүргізу. ГОСТ ИСО/МЭК 17025 - 2019 сәйкестігіне зертханалық аккредитацияға өтінім беру.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарына қатысу.
- Ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруда ғылыми-зерттеу институттарымен және орталықтармен ынтымақтастықты кеңейту.
- Үшінші тұлғаларға сүт және сүт өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін зерделеу бойынша қызметтерді көрсету және т.б. (аккредиттеуді талап етеді).
Жетістіктер
Жетістіктер
1. Зертхана қызметкерлері Сүлейменова Ж.М. және Досимова Ж.Б. «Болашақ» бағдарламасы аясында конкурс негізінде 10 ай мерзімге Венгрияның Ауыл шаруашылығы және өмір туралы ғылымдар университетіне тағылымдамадан өтуге жолдама алды.
2. Зертхана қызметкерлері 2023–2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға өтінім берді. Ұсынылған өтінім конкурс нәтижесінде іріктеуден өтіп, қаржыландыруға мақұлданды.
Жоба тақырыбы: Иммуномодуляциялық қасиеттері бар бие сүті негізінде емдік-профилактикалық тағам өнімдерін алу технологиясын әзірлеу.
3. Досимова Ж.Б. «Үздік жас ғалым» конкурсына мақала ұсынып, I орынды иеленді.
4. Орталық басшысы Ниязбекова Ж.Н.-ге 2025 жылға арналған талантты жас ғалымдарға берілетін мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалды
(Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 29.12.2025 жылғы № 596 бұйрығы).
Орталық қызметкерлері бизнес өкілдерін, ресми қоғамдық және мемлекеттік органдарды, шетелдік компанияларды, сондай-ақ орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін Орталықтың қызметі мен мүмкіндіктерімен таныстыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
5. 2025 жылғы 2–15 маусым аралығында Орталық қызметкерлері «Биотехнология және тағам қауіпсіздігі» бағыты бойынша өткізілген Халықаралық жазғы мектепті ұйымдастыруға және өткізуге белсенді түрде қатысты.
Жазғы мектеп «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының доценті Еренова Ф.Е.-нің жетекшілігімен, фасилитатор — Б. Сейсенбіқызының қатысуымен ұйымдастырылды.
Жазғы мектеп аясында негізгі мақсат — жақын және алыс шетелдерден келген студенттер мен жас ғалымдарды биотехнологияның маңызды аспектілерімен және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен таныстыру — толық орындалды.
Аталған жазғы мектеп Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай және Малайзия елдерінен келген халықаралық сарапшылар мен студенттердің басын қосты.
Бағдарлама биотехнология және тағам қауіпсіздігі саласындағы жетекші мамандардың дәрістерін, сондай-ақ Орталық базасында өткізілген тәжірибелік шеберлік сабақтары мен ғылыми мекемелерге ұйымдастырылған көшпелі сабақтарды қамтыды.
Қатысушылар өзекті ғылыми мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуға және кәсіби білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алды.
6. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасының референттік орталығында Алматы технологиялық университетінің (АТУ) профессор-оқытушылар құрамы үшін «Тағам өнімдерінің заманауи технологиялары және оларды талдау әдістері» тақырыбында біліктілікті арттыруға арналған практикалық оқыту Досимова Ж.Б.-нің жетекшілігімен өткізілді.
Фотогалерея


.jpg)

Қызметкерлері
Ниязбекова Жаннур Нурдилдаевна
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы референттік орталығының жетекшісі
Ветеринария ғылымдарының PhD докторы
Досимова Жанна Батырхановна
Сүт өнімдерінің референттік зертханасының ғылыми қызметкері
Химия ғылымдарының магистрі
Сейсенбіқызы Ботакөз
Сүт өнімдерінің референттік зертханасының лаборанты
Техника ғылымдарының магистрі
Жүнісбек Аружан Мырзакерімқызы
Сүт өнімдерінің референттік зертханасының кіші ғылыми қызметкері
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Айтбазар Бейбірайхан Толыбайқызы
Сүт өнімдерінің референттік зертханасының лаборанты
Жаратылыстану ғылымдарының бакалавры
