KazNARU
Экология

Қоршаған ортаны қорғау саласында білімі бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау экология саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесінің негізгі принциптерін түсінуге қабілетті; тіршілік ету ортасының қауіпті факторларының деңгейін бағалау; биосфера шегінде географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз ету және экологиялық қауіпсіздікті сақтау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

-эколог-биолог,

- эколог-географ,

- эколог-топырақтанушы,

-  эколог-физик,

-  эколог-химик,

- эколог-эксперт,

- эколог-зерттеуші,

- орта және жалпы білім беретін кәсіби оқу орындарындағы география, экология және биология пәндерінің мұғалімі.

Кәсіби қызмет саласы

өндірістік, басқарушылық, ғылыми-зерттеу және білім беру саласы, экологиялық мониторинг қызметі, жоспарланған қызметті әзірлеу, мониторингтің экологиялық қызметі, табиғи ортаның сапасын және адам денсаулығын бақылау.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

қоршаған ортаны қорғау бойынша территориялық басқармалар; ұлттық парктер, қорықтар, заказниктер, биосфералық резерваттар;  өндіріс орындары; агроөндірістік кешендер; полигондар; энергетика объектілері, АЭС; білім беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары.

Кәсіби қызмет функциялары
  • қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінде экономика саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жасауға қатысу;
  • экологиялық аудит пен экологиялық сараптама жүргізуге қатысу;
  • қоршаған табиғи ортаның  ластану деңгейін бағалауға зертханалық зерттеу жасау және материал жинақтау;
  • кәсіпорынның экологиялық паспортын жасауға қатысу;
  • экологиялық сұрақтар бойынша халыққа кеңес беру қызметін көрсету;
  • қоршаған ортаны қорғау бойынша халық арасында тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру;
  • жоба алдындағы құжаттардың халықаралық стандарттар жүйесіне сәйкестігін экологиялық сараптау бойынша жұмысқа қатысу;
  • қоршаған ортаны қорғау саласында және т.б. халықаралық конвенция талаптарына ҚР міндеттерін орындауына себепші болу;

өндіріске ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізуге себепші болу.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау:

- экологиялық кадастр құру, биологиялық әртүрлілікті зерттеу, табиғи ортаның сапасын талдау;

- - ҚОӘБ және экологиялық аудит жүргізу.

2. Құрылымдық:

- шаруашылық қызметтің теріс салдарын болдырмау мақсатында табиғи ортаның сапасын нормалаудың практикалық ұсыныстарын әзірлеу;

- далалық және эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысу;

- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру және табиғатты ұтымды пайдалану бойынша жаңа экологиялық әдістер мен технологияларды енгізу;

- қоршаған ортаға теріс антропогендік әсерді төмендету және биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында әртүрлі өндірістердің экологиялық қауіпсіз технологияларын енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

3. Ақпараттық-технологиялық:

-жобалау-сметалық құжаттаманы және экожобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау ережелері бойынша, аудит, сараптама жүргізу және қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша кеңес беруді жүзеге асыру;

-экожобаларды іске асыруға қатысу, жоспарланған қызметті әзірлеу;

- орта және кәсіптік оқу орындарында экологиялық білім беру, тәрбиелеу және ағарту бойынша оқу процесін ұйымдастыру және өткізу, халықтың әртүрлі топтары арасында экологиялық білімді насихаттау.

Дағды қалыптастыру

 экологиялық қауіпсіздік және орнықты даму мәселелері;

- аз қалдықты өндірістерді іске асыру әдістерін қолдану және ауыл шаруашылығы қызметіндегі экологиялық және техногендік жағдайларды бағалау саласында;

- экологиялық модельдерді құру және олардың салдарларын мониторингілеу және болжау үшін ғылыми зерттеулерде пайдалану әдістерінде;

- антропогендік қызметтің экологиялық-экономикалық салдарын бағалау;

- табиғатты қорғау заңнамасы негізінде экологиядағы менеджмент және маркетинг мәселелерінде;

- қалалар мен табиғи ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде;

- жаңа табиғатты қорғау және ресурсүнемдеу технологияларын пайдалануда.

Учебный план образовательной программы

6В05201 - Экология қаз..doc

177.664 KB

6B05201 Экология ОП каз.pdf

634.624 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник