KazNARU

KazNARU ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

✅ АСТАНА. 2027 жылғы 07 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті CCI Kazakhstan компаниясының қолдауымен G-Global жасыл экономика және даму Коалициясы ұйымдастырған пластик жинау және орнықты дамуды ілгерілету жөніндегі ұлттық конкурсқа белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

Байқау білім беру мекемелерін экологиялық жауапты тәжірибелерді енгізуге және пластикті қайта өңдеудің маңыздылығы туралы қоғамды хабардар ету жұмыстарын ынталандыруға бағытталған.

✅ Ұлттық байқауға Қазақстанның барлық жетекші университеттері қатысты. Оқу жылы бойы, 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың мамырына дейін KazNARU-дың 2000-нан астам студенттері мен қызметкерлері конкурстың түрлі іс-шараларына белсене қатысып, 1300 килограмнан астам пластикалық бөтелкелер, қаптамалар және басқа да бір реттік бұйымдар жинады.

✅ Байқаудағы жетістік университеттің тұрақты дамуды ілгерілету жөніндегі кең бағдарламасымен де тікелей байланысты. KazNARU экологиялық әсерді төмендетуге бағытталған бірқатар бастамаларды енгізді.

✅ Байқаудағы жетістік университеттің тұрақты дамуды ілгерілету жөніндегі кең бағдарламасымен де байланысты. KazNARU экологиялық әсерді төмендетуге бағытталған бірқатар ғылыми ізденістер мен бастамаларды енгізген болатын.

Осы бағдарлама шеңберінде жасыл және Орнықты даму институты «Foundation of the Sustainable Development» дәрістер сериясын өткізді, Greenmetric халықаралық рейтингі шеңберінде семинарлар мен воркшоптарды ұйымдастырды және қалдықтарды тұрақты тұтыну, қайта өңдеу және азайту тақырыптарына арналған басқа да іс-шаралар өткізді. Әсіресе, «Нөлдік қалдықтар» тұжырымдамаларын енгізуге және күнделікті өмірде пластикті пайдалануды азайтуға ерекше назар аударылды.

✅ Марапат ҚР Парламенті Мәжілісінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, сондай-ақ елдің жетекші экологиялық ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен өткен салтанатты рәсімде KazNARU студенті Аяулым Ниязбекке табыс етілді.

✅ KazNARU өзінің үлгілі іс-шараларымен планетаның тұрақты дамуы мен оған жасалған қамқорлықтың білім беру процестері мен күнделікті өмірге енгізілуі аса қажетті, әрі маңызды құндылықтар болып табылатынын көрсетіп келеді.

KazNARU Баспасөз қызметі