KazNARU

ӘЗ-НАУРЫЗДЫҢ БАСЫ ШУАҚТЫ КЕЗДЕСУЛЕРМЕН БАСТАЛДЫ

Биылғы көктемнің алғашқы айы, Әз-Наурыздың басы Алматыда жылдағыдан өзгеше қарлы, жауынды болды. Жер тайғақ, көк мұз, күндер аязды болса да, қала мектептеріндегі жылы жүзді кездесулер еш толастаған емес.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің кәсіби бағдар беру мақсатында құрылған арнайы топтары өз жұмыстарын белсенділікпен жалғастыруда.

✅ Негізгі мақсат біреу – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге университет факультеттерінің ерекшелігін таныстыру.

✅ Атап айтсақ, KazNARU «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының меңгерушісі Е.Д.Жапарқұлова, профессор А.Т.Тілеуқұлов, қауымдастырылған профессорлар: М.С.Набиоллина мен А.Р.Вагапова Наурызбай ауданындағы «№200 мектеп -гимназиясының» бітіруші түлектерімен жүздесті.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Фарида Сатуканованың мәліметінше, 4 сыныптағы мектепті бітірушілерінің жалпы саны – 95 оқушы.

✅ Осы Наурызбай ауданындағы тағы бір үлкен оқу ордасы «№206 мектеп -гимназиясының» бітіруші түлектерімен кездесуге «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының профессоры А.Т.Тілеуқұлов, аға оқытушы Е.К.Әуелбек, PhD докторлар Қ.Жанымхан, Ұ.Қ.Оңласын қатысты.

✅ Ал, «Зооиеженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Баймәжі Ерлік пен Қадыкен Ризабек Наурызбай ауданындағы №181 және №178 мектеп-лицейдің бітіруші түлектерімен кездесу ұйымдастырды.

✅ Жоғары сынып жастарына KazNARU туралы қазақ және орыс тіліндегі буклеттер және мамандықтардың жалпы мәліметі таратылып, арнайы видеоролик көрсетілді. Оқушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

✅ Егер, жас түлектер KazNARU мен шет елдік озық университеттерде қатар оқып, екі дипломға ие болғылары келсе, есігіміз әрқашан ашық екендіктерін де жеткізді.

✅ Барлық топ мүшелері алдағы уақытта оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында университетте «Ашық есік» күнін ұйымдастыруға мектеп басшыларымен келісіп, қолдау көрсеткендеріне алғыс білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі