KazNARU

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күні жылсайын 1 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл әлемдікАИТВ/ЖИТС эпидемиясының таралуын тоқтатуқажеттігін еске салатын күн. Осы күнгебайланысты Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» оқытушыларының шақыруымен «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің студенттеріне 2023 жылдың 28 қараша күні Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күресорталығының дәрігер-эпидемиологы Аралбаева Камшат Саматқызы кездесу өтті.

Санитарлық-ағарту дәрісі кезінде дәрігер-эпидемиолог ЖИТС-тің пайда болуы, таралуыжәне белгілері туралы әңгімеледі. Алматы қаласының әкімшілік аудандары бойынша АИТВ-пен ауыратын адамдардың қай аудандарда көбірекшоғырланғаны туралы ақпарат берілді. Студенттерге оны жұқтыру, жұқтырмау жолдарытуралы мәліметтер берілді.

АИТВ-тің диагностикасы мәселелеріне аса көңіл бөлінді және қазіргі кезде қандаймедициналық мекемелерде сараптама тапсыруғаболатыны және олардың мекен-жайлары туралыақпарат берілді. Кездесу барысында қатысқанстуденттерге қалаулары бойынша экспресс тест жүргізілді.

Ұйымдастырушылар: Мамаева Л.А., 

Есмаганбетова А.Б., Сейсеналы М.Е.
 


 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник