KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

СИВЕРС АЛМАСЫНЫҢ ЖАҢА КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

✅ 2025 жылғы 20 сәуірде ALMA-KIKA жобасының жұмыс тобы мен Халықаралық офистің қызметкерлері Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген филиалында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сиверс алмасының 100-ден аса көшеттерін отырғызу шарасын өткізді.

✅ Ағаш отырғызу іс-шарасына Жасыл және тұрақты даму институтының директоры Ардақ Қожабекова бастаған университетіміздің ғалымдары, студенттер және шетелдік білім алушылар да белсене қатысты.

✅ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы бұл игілікті шараның басты мақсаты – еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосу, ұлттық табиғи мұраларымызды сақтау, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру. Сондай-ақ, Сиверс алмасының жаңа көшеттерін отырғызу арқылы алма бағын еселеу», - дейді Ардақ Жәкетайқызы.

✅ Бүгінгі күні ALMA-KIKA жобасының жұмыс тобы Сиверс алмасының биологиялық әртүрлілігін қорғау, жаңа сорттарын зерттеу арқылы қалпына келтіру, оларды мәденилендіру және сақтау жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді.

✅ Сиверс алмасы – еліміздегі ең байырғы, мыңдаған жылдар бұрын пайда бқлған жабайы алма ағаштың бірегейі және әлемдегі алма ағаштарының мәдени сорттарының атасы.

Сондықтан, Қазақстан барлық алманың отаны деп танылды.

Қазіргі таңдағы генетикалық зерттеулердің нәтижесі Сиверс алмасының пайда болған әлемдік орталығы Жетісу өңірі, Алатау баурайы деген тұжырымды растап отыр. Өсімдік шаруашылығы ұйымдары Сиверс алмасы сапасы жағынан әлемде теңдесі жоқ болғандықтан, инвестиция тарту үшін де тартымды сорттарға айналып келе жатқанын айтады.

✅ Табиғатты қорғау мен оны сақтап, өркендетуге және ағаш көшеттерімен қамтамасыз еткен қолдаушыларға, барша белсенді қатысушыларға ортақ мақсат жолында сәттілік тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник