ҚазҰАЗУ

12 сәуір – ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

KazNARU МАҚТАНЫШЫ

САҒИТОВ АБАЙ ОРАЗҰЛЫ

✅ Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Сағитов Абай Оразұлы 1945 жылы 18 тамызда Семей қазіргі Абай облысы, Шар станциясында дүниеге келген.1963 жылы орта мектепті бітіріп, Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) өсімдіктерді қорғау факультетіне түсіп, 1968 жылы бітірді.

●1968 жылдан бастап Қазақ өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институтында: кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана, бөлім меңгерушісі; 1989 жылдан бастап Қазақ ауыл шаруашылығы институтында фитопатология кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1969 жылы ол Ленинградтағы КСРО Ғылым Академиясының жанындағы Зоологиялық институтына аспирантураға түседі, ол биология ғылымдарының докторы, профессор Е.С.Кирьянованың мектебінен өтеді. 1974 жылы нематодтар бойынша кандидаттық диссертациясын қорғайды.

1976-1978 жылдар аралығында Кубада жұмыс істей отырып, пайдалы жәндіктерді өсіру және дамыту бойынша биофабрикалар құрды. Осының арқасында қазіргі уақытта Куба органикалық өнімді өсіру бойынша әлемде 1-ші орында.

1982 жылы профессор Стоунның жетекшілігімен Англияда Кембридж университетінде 3 айлық тағылымдамадан өтті.

●1988 жылы Мәскеуде К.И.Скрябин атындағы Бүкілодақтық Гельминтология институтында докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

●1990 жылдан – Біліктілікті арттыру институтының проекторы, 1991 жылдан – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, 1996 жылдан – өсімдіктерді қорғау және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі.

●Абай Оразұлы: 1990 ж. – профессор; 2000 ж. – Халықаралық Экология академиясының академигі; 2004 ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ал 2005 ж. аграрлық ғылым саласында А.И. Бараев атандығы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды.

✅ Сағитов Абай Оразұлы 2001 жылы Өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалды. Қазақстанның көрнекті ғалымы ретінде ғылыми-педагогикалық қызметті қоғамдық және ұйымдастырушылық жұмыстармен сәтті ұштастырды.

●Абай Оразұлының бастамасымен аграрлық университетте жұмыс істеген жылдары, кафедра жанынан проблемалық зертханалар құрылып өсімдіктерді қорғау факультеті қалпына келтірілді және 1000-нан астам студенттер Республика кеңістігінде еңбек етуді, нәтижесінде университеттің шетелдік ғылыми мекемелерімен интеграциясы күшейе түсті.

●1999 жылы А.Сағитов Мемлекет басшысымен 100 мың гектар орман отырғызу бойынша кеңесші ретінде шақырылды. Осы жоба аясында ол Астанада сортаңданған жерлерге қолайлы көшет түрлерін таңдап отырғызу үшін, сондай-ақ өртке қарсы жолақтарды ескере отырып, орман екпелерін дұрыс орналастыру мәселелері бойынша консультациялар берді. Бүгінгі таңда бұл орман екпесі 120 мың гектар алқаптағы нағыз орманға айналды және Астана қаласының «Өкпе тынысы» болып саналады.

✅ Институт директоры болған кезеңде Абай Оразұлы ғалымдардың шығармашылық қызметіне барлық жағдай жасады. Ол зертханалар мен бөлімдердің материалдық-техникалық және әдістемелік базасын жақсарту бойынша үнемі жұмыс істеді, гранттар есебінен жыл бойы эксперименттер жүргізу үшін 2 жылыжай сатып алынып, орнатылды. Жас ғалымдар АҚШ, Израиль, Голландия, Бельгия, Мексика, Түркия, Қытай, Үндістан және Ресей зертханаларында тағылымдамадан өтті.

●Академик А.О. Сағитов өзінің ғылыми мектебін құрды. Ол Қазақстандағы өсімдіктерді қорғаудың интеграцияланған жүйесінің негізін қалаушылардың бірі және осы пән бойынша қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтың авторы болды. Оның, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 550-ден астам ғылыми еңбектері жарияланды, оның ішінде импакт-факторы нөлге тең емес шетелдік журналдарда 19 мақала, 18 монографиялар, 4 оқулық, 4 оқу құралы, 60 өндіріске ұсынымдар, 50 авторлық куәлік және 40 патент, 85 инновациялық патент. Оның жетекшілігімен 9 докторлық және 27 кандидаттық диссертация қорғалды, 12 PhD докторы және 30 магистр шығарылды. Оның шәкірттері Қазақстанның барлық аймақтарында, сонымен қатар шетелдерде абыройлы еңбек етеді.

✅ 2018-2020 жылдары «Байсерке Агро» ЖШС-де жүргізген тәжірибелерін пайдалана отырып, «Қаскелең» тәжірибелік шаруашылығының базасында «Агропарк» құрылды, онда академик А.О. Сағитовтың басшылығымен құны 5 миллиард теңгеден асатын жаңа жоба іске асырылды.

●Өзінің көп жылдық ғылыми зерттеулерінің нәтижелеріне сүйене отырып, көлемі 600 беттен асатын «Қазақстандағы фермерлік істің негіздері» атты екі тілде монография шығарды.

●Қазіргі уақытта академик А.О.Сағитов ҚР АШМ 2024-2026 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының аумағында таралған карантиндік зиянды организмдер шектелген популяциясын құру» ғылыми-техникалық бағдарламасының жетекшісі.

✅ Ғылымды дамытудағ еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін»; «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері»; «Еңбек ардагері»; «Құрметті ардагер»; «ҚР Тәуелсіздігіне 10 және 25 жыл»; «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»; «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі».

●Куба Үкіметінің грамоталарымен, Еуропалық Ассамблеяның Сократтық сыйлығымен, төс белгісімен, алтын мүсіншемен, Оксфорд университеті профессорының мантиясымен және медальмен, марапатталған.

KazNARU Баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

news card image
Жаңалықтар

Алматыда ветеринариялық білім беруді үйлестіру және «Біртұтас денсаулық» тұжырымдамасын интеграциялау жөніндегі аймақтық семинар басталды 2025 жылғы 14–16 қазан аралығында Алматы қаласында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (WOAH, ВОЗЖ) «Ветеринариялық білім беруді үйлестіру: түлектердің (Day-1 graduates) ВОЗЖ құзыреттеріне сәйкестігі және ветеринариялық оқу бағдарламаларына “Біртұтас денсаулық” тұжырымдамасын енгізу» тақырыбындағы аймақтық семинары өтіп жатыр. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (ВОЗЖ), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU). Семинарға халықаралық және ұлттық құрылымдардың өкілдері қатысты, олардың арасында: — Аманғали Бердалин, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі; — Тасқын Қызайбаев, ҚР Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы, ВОЗЖ делегаты; — Примқұл Ибрагимов, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) басқарма төрағасының бірінші орынбасары – ректор; — доктор Б. Сумаре, ВОЗЖ бас директорының орынбасары; — доктор М. Тайтұбаев, ВОЗЖ-дың Орталық Азиядағы өкілі. KazNARU атынан семинарға «Ветеринария және биотехнология» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Университет «Ветеринариялық білім беруді қайта қарастыру: ветеринария мамандығы бойынша инклюзивті және тиімді оқу бағдарламасына арналған студенттердің идеялары» тақырыбында студенттік постер көрмесін ұсынды. Семинарға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Әзербайжан, Грузия, Беларусь және Ресей сияқты 10 елдің өкілдері қатысуда. Қатысушылар қатарында ветеринариялық қызметтердің өкілдері, университет ректорлары мен декандары, сондай-ақ ВОЗЖ және EAEVE сарапшылары бар. ВОЗЖ сарапшылары — доктор В. Шарандак, доктор Д. Морозов, доктор М. Тайтұбаев, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері ветеринариялық білім беруді реформалау тәжірибесімен бөлісті. **Ынтымақтастық және тәжірибе алмасу** Семинар бағдарламасында үздік тәжірибелерді талқылау, құзыреттерді талдау бойынша топтық жаттығулар, сондай-ақ қатысушылардың KazNARU университетіне баруы қарастырылған. Ерекше назар үздіксіз кәсіби даму (CPD) мәселелеріне және ветеринариялық мамандардың біліктілігін арттырудағы университеттердің рөліне аударылды. Сондай-ақ «Біртұтас денсаулық» тұжырымдамасын енгізу мәселесіне баса назар аударылды. Бұл тұжырымдама адамдардың, жануарлардың және қоршаған ортаның саулығын қамтамасыз ету үшін ветеринария, медицина және экология саласы мамандарының күш-жігерін біріктіреді. Аталған тақырып бойынша ВОЗЖ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері баяндама жасады. Олардың арасында Қазақстандағы ДДСҰ өкілі Абзал Жамагалиұлы және KazNARU университетінің өкілдері бар, олар «Біртұтас денсаулық» қағидаттарын оқу жоспарларына енгізу тәжірибесін ұсынды. Семинардың негізгі мақсаты – өңірдегі ветеринариялық жоғары оқу орындарының әлеуетін нығайту және халықаралық стандарттарға сай жұмыс істей алатын кадрларды даярлау. Іс-шараның басты міндеті – оқу бағдарламаларын ВОЗЖ-дың «Day-1 graduates» құзыреттерімен сәйкестендіру және адамдардың, жануарлардың және экожүйенің саулығын біріктіретін пәнаралық «Біртұтас денсаулық» тәсілін интеграциялау. Бірінші күннің қорытындысы бойынша қатысушылар ветеринариялық кадрларды даярлау саласындағы өңірлік басымдықтарды, оқу бағдарламаларын жаңғырту жолдарын және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Семинар 16 қазанға дейін жалғасады. Бағдарлама аясында шеберлік сыныптар, пікірталас алаңдары және ВОЗЖ-дың жаһандық білім беру бастамаларын енгізу тәжірибесімен алмасу жоспарланған.

14 Қазан
Толығырақ
---------Chatbot---------
виртуальный помощник