KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАСЫЛ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУДЫ НЫҒАЙТУ

✅ 2025 жылғы 3-5 сәуірде Әзірбайжанның Баку қаласында «Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында Жасыл дағдыларды дамытуды нығайту» туралы Жұмыс тобының екінші отырысы болып өтті.

Бұл маңызды іс-шара ОАӨЭЫ бағдарламасына қатысушы елдердің адами капиталды дамыту саласындағы ынтымақтастығын нығайтудағы және өңірдің тұрақты экономикалық өсуі үшін білікті кадрлар даярлаудағы аса елеулі кезең болды.

✅ Жұмыс тобы жаһандық экономиканың заманауи талаптарына жауап беретін жұмысшы кадрларды даярлау және қайта даярлау, білім беруді интеграциялау жолдарын белгілеу үшін құрылды. Екінші отырыс нақты қадамдарды талқылау және дағдыларды дамыту Стратегиясын жүзеге асыру үшін қатысушы елдер Үкіметтерінің, сарапшылардың, білім беру ұйымдары мен жеке сектордың өкілдерінің басын қосты.

✅ Бірнеше күнге созылған жиында KazNARU Басқарма төрағасы-Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы ОАӨЭЫ аясында аграрлық білім беру мен ғылым саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан ары тереңдету, ЖООлар арасында бірыңғай білім беру кеңістігін құру және ғылыми зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Ол ОАӨЭЫ елдерінің өкілдеріне KazNARU-дың университеттің бірегей жетістіктерін таныстыра келе:

● Wageningen University (Нидерланды) университетімен бірлескен білім беру бағдарламаларын;

● Өсімдік шаруашылығы және технологиясы;

●Ветеринариялық азық-түлік қауіпсіздігі және технологиясы;

●Орман қоры және орман шаруашылығы;

●Агробизнес (МВА) сияқты бағдарламалардың аграрлық саладағы инновациялық шешімдер мен зерттеулерді дамыту үшін арнайы зерттеу алаңдарының құрылуына негіз болатынын ортаға салды.

✅ «Мәселен, KazNARU Қытай мемлекетінің 40-тан аса ғылыми ұйымдарының қатысуымен бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыруда. Қытай ауылшаруашылық университеті мен Dayu Irrigation Group Co., Ltd.-пен бірлесіп, «IT-технологияларды пайдалана отырып суды тиімді пайдалану мақсатындағы «Қазақстан-Қытай халықаралық зертханасы», Ланьчжоу университетімен бірге ауыл шаруашылығында заманауи технологияларды енгізу мен инновацияларды дамытуға бағытталған «Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығы» т.б. құрылымдар құрылды. Қазірдің өзінде биоәртүрлілікті тұрақты пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері отандық фермерлерге пайдасын тигізуде», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

Сонымен қатар, Пірімқұл Ибрагимов KazNARU-дағы инвестициялар тарту бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми әлеуетті дамыту мен халықаралық байланыстарды нығайту үшін бірқатар жаңа ұсыныстарды ортаға салды.

✅ Жалпы, Жұмыс тобының отырысына қатысушылар Қазақстанның халықаралық білім Хабына айналу жолындағы ғылыми жетістіктеріне үлкен қызығушылық танытты. Еліміздегі жетекші шетел университеттерінің филиалдары мен өндірістік бірлескен жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу мәселесі де ерекше назарда.

Отырыс шеңберінде еңбек нарығындағы ағымдағы үрдістерді талдауға байланысты мәселелер, білім беру бағдарламаларын бір арнаға бейімдеу қажеттілігі сияқты түйінді сын-қатерлер қаралды. Халықтың кәсіби құзыреттілігін арттыру, үздіксіз білім беру бағдарламаларын ынталандыру және жастар, әйелдер мен әлеуметтік осал топтар үшін білім алу мүмкіндіктерін кеңейтудің жолдары талқыланды.

✅ ОАӨЭЫ жұмыс тобының ұсынылған бастамаларды қамтитын таяу кезеңге арналған іс-қимыл бағдарламасын бекітілді:

●Білім беру және кәсіптік оқыту саласындағы ОАӨЭЫ елдері арасында тәжірибе алмасудың өңірлік платформасын құру.

●Цифрлық оқыту құралдарын енгізу және цифрлық экономиканың сын-тегеуріндеріне дайын кадрларды даярлау үшін қайта даярлау бағдарламаларын дамыту.

● Алған білімдерін тәжірибеде неғұрлым тиімді қолдану үшін мемлекеттік құрылымдар, білім беру мекемелері және жеке сектор арасында серіктестіктер қалыптастыру.

●Еңбек нарығының қажеттіліктерін бағалау әр түрлі аймақтар үшін бейімделген оқыту бағдарламаларын құру.

● Суды үнемдеу үшін жаңа технологиялар әзірленетін және сыналатын өңірлік агроинновация орталығын құру.

● Агросекторда жасанды интеллект, робототехника және Big Data қолдануды үйрететін цифрлық ауыл шаруашылығы бойынша ЖОО-аралық бағдарламаларды құру.

●Цифрлық платформалар, әлеуметтік желілер және агроинфлюенсерлер арқылы жастар арасында ауыл шаруашылығының дамуына еңбек сіңіруді насихаттау.

✅ Отырыс қортындысында қатысушы елдердің білім министрлері орынбасарларының қатысуымен жоғары деңгейдегі ОАӨЭЫ мүше елдер арасында дағдыларды дамыту саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту туралы"өзара түсіністік туралы Меморандум қабылданды. Қазақстан тарапынан Меморандумға ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жарасова Гүлжан Сағидуллақызы қол қойды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник