Орынбасар Мадиана Болатжанқызы – ветеринариялық медицина саласының маманы, қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының ассистенті қызметін атқарады.
1995 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласында дүниеге келген.
2013–2018 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша білім алып, ветеринариялық дәрігер біліктілігін алды. 2018–2020 жылдары осы университетте магистратурада оқып, ветеринария ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді.
2021-2024 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша докторантура оқыды.
Ғылыми зерттеу бағыттары ветеринариялық медицина, вакциналарды әзірлеу және иммунобиологиялық қасиеттерін зерттеу.
2021–2023 жылдары "Нанобөлшектерге негізделген SARS-CoV-2 интраназальды вакцинаның жаңа формасы: жануарлардың зертханалық модельдерінің дизайнын жасау және сынау" зерттеу жобасына қатысқан.
Қазақстан Республикасы, Алматы, ҚазҰАУ
2013-2018 жж
Ветеринариялық дәрігер
(ветеринариялық медицина)
Қазақстан Республикасы, Алматы,ҚазҰАУ
2018-2020
Ветеринария ғылымдарының магистрі (ветеринариялық медицина)
Қазақстан Республикасы, Алматы,ҚазҰАЗУ
2021-2024
Докторантура (ветеринариялық медицина)
Гранттар: республикалық, шаруашылық келісімшарттық, жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) қаржыландыратын және халықаралық жобалар
Жоба атауы. AP09259609 "Нанобөлшектерге негізделген SARS-CoV-2 интраназальды вакцинаның жаңа формасы: жануарлардың зертханалық модельдерінің дизайнын жасау және сынау"
Іске асыру мерзімі: Сәуір 2021 – Қаңтар 2023
Жоба жетекшісі / орындаушысы: Табынов Қ.Қ.
Қаржыландыру көзі : гранттық
A Spike Protein-Based Subunit SARS-CoV-2 Vaccine for Pets: Safety, Immunogenicity, and Protective Efficacy in Juvenile Cats
Журнал: Front. Vet. Sci., 14 March 2022
Sec. Veterinary Infectious Diseases
Volume 9-2022
https://doi.org/10.3389/fvets.2022.815978
Scopus-Q1
ПАТЕНТТЕР
- ҚР патенті №35485. Ет қоректілер және басқа ауруға бейім жануарларда SARS-CoV-2 инфекциясын арнайы алдын алу үшін суббірлік адъювантты вакцинаны алу тәсілі. 04.02.2022 патент қаржыландыру үрдісінде.
Специалитет:
• «Індеттанулық мониторинг және жануарлардың инфекциялық ауруларын болжау»
• «Жануарлардың трансшекаралық инфекциялары»