Хазимов Жанат Мукатович 1984 жылы туған, ұлты – қазақ. 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2009 жылы «Агроинженерия» мамандығы бойынша агроинженерия магистрі академиялық дәрежесі мен біліктілігін алды.
2020 жылы 6D080600 – «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Жабын үлдірін пайдалануымен көкөніс дақылдардын көшетін отырғызу механикаландырылған технологиясы» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.
Кәсіби қызметі барысында «Өсімдік шаруашылығындағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану», «Машина пайдалану», «Орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру», «Отын, майлау материалдары және техникалық сұйықтықтар» және басқа да бейіндік пәндер бойынша дәрістік, зертханалық-тәжірибелік сабақтарды жүргізді.
Ж.М.Хазимовтың ғылыми қызығушылықтары ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру, агроөнеркәсіптік кешендегі техникалық құралдар мен технологияларды жетілдіру, ауыл шаруашылығында ресурсты үнемдейтін және экологиялық тұрғыдан тиімді шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ өсімдік шаруашылығында өнім жиналғаннан кейінгі өңдеу мен технологиялық материалдарды жинауға арналған машиналар мен құрылғыларды жасау және негіздеумен байланысты.
Хазимов Ж.М. гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылған бірқатар ғылыми жобалардың орындаушысы болды, оның ішінде мынадай тақырыптар бар: «Ауа өткізбейтін үлдірден жасалған вакуумдалған контейнерлерде сүрлемді әзірлеуге арналған мобильді агрегаттың құрылысын жасау және параметрлерін негіздеу»; «Топырақты полиэтилен үлдірмен жабындауға және жасалған тесіктерге көшет пен көкөніс тұқымдарын отырғызуға арналған біріктірілген қондырғы».
1. Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Мамандығы: Ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру
Бітірген жылы: 2007
Біліктілігі: инженер-механик
2. Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Мамандығы: Агроинженерия
Бітірген жылы: 2009
Біліктілігі: Агроинженерия магистрі
3. Оқу орны: Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Мамандығы: Аграрлық техника және технология
Бітірген жылы: 2012
Біліктілігі: PhD
Гранттар: республикалық, шаруашылық келісімшарттық, жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) қаржыландыратын және халықаралық жобалар
1. «AP13067761 Ауа өткізбейтін үлдірден жасалған вакуумдалған контейнерлерде сүрлемді әзірлеуге арналған мобильді агрегаттың құрылысын жасау және параметрлерін негіздеу» ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыруы.
2022–2024 жж. Жоба орындаушысы.
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
1. Khazimov Z.M.. et al. Silage harvesting for small farms by using vacuum sealing in flexible polymer containers on a converted trailer. // Journal of Water and Land Development. 2024, No. 62 (VII–IX): 214–221. ISSN 2083-4535
2. Khazimov Z.M.. et al. Thermal Welding in the Neck of Vacuum Flexible Container with Self-propelled Welding Module // International Journal of Technology (IJTech). 2024, Volume 15, Number 4, Pages 1088-1101. ISSN 2086-9614
3. Khazimov Z.M.. et al. Development of a dual action planting and mulching machine for vegetable seedlings // Engineering in Agriculture, Environment and Food, 2018, 11(2), pp. 74–78. ISSN: 1881-8366.
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
1. Хазимов Ж.М. және т.б. Вакуумдық әдіс бойынша сүрлем дайындау кезінде трактор тіркемесінің функционалдығын негіздеу // С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Пәнаралық). -2024. -No1 (120). – С.181-191. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
2. Хазимов Ж.М. және т.б. Төмен рамалы тіркемені пайдаланып жұмсақ контейнерлерде жасыл массаны вакуумдау арқылы сүрлем дайындау // Исследования, результаты. – Алматы. – 2024. – №1(101). – С. 299-310. – (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
Сілтеме: https://doi.org/10.37884/1-2024/29 https://journal.kaznaru.edu.kz/index.php/research/article/view/487/311
ПАТЕНТТЕР
1. ҚР патенті 29915. Көшет отырғызғыш машинаның дискілі түсірілу аппараты / Хазимов Ж.М. және т.б. Заявл. 15.06.2015. Опуб. 2017, бюл. №5.
2. ҚР патенті №29914. Брикеттелген көшетті жабдыққа оны отырғызу үшін беруге арналған құрылғысы / Хазимов Ж.М. және т.б., 2017. Сілтеме: gosreestr.kazpatent.kz/Invention/DownLoadFilePdf?patentId=235894&lang=kk
3. ҚР патенті №24414. Көкөніс дақылдарының көшеттерін отырғызуға арналған агрегат / Хазимов Ж.М. және т.б., 2008. Сілтеме: gosreestr.kazpatent.kz/Invention/DownLoadFilePdf?patentId=102957&lang=kk
Бакалавриат:
• Ауылшаруашылық машиналары
• Өсімдік шаруашылығында машиналар мен жабдықтарды пайдалану
• Орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру
• Ауылшаруашылық машиналары
• Өсімдік шаруашылығында машиналар мен жабдықтарды пайдалану
• Орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру
Соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру
1. «Орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру» курсы – «Республикалық оқу орталығы» ЖШС, Алматы, 2025.
2. «Жасанды Интеллект: Негізгі Курс» – «Itechresearch» кәсіптік қайта даярлау орталығы, 2025.
3. Сауда министрлігінің демеушілігімен және ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық орталығы ұйымдастырған 2024 жылғы «Дамушы елдерге арналған ауылшаруашылық технологияларын көрсету орталықтарын басқару семинары» – Қытай, 2024.
Francesco Maurelli - Constructor University Bremen gGmbH
Scopus Author ID: 35097822300