Жоба туралы
Жоба жетекші

Наушабаев Асхат Хамитович
PhD доктор, қауымдастырылған профессор
Scopus Author ID: 55883861200
Researcher ID: JXO-9002-2024
ORCID: https://orcid.org/0000-0001-8291-265X"X
Өзектілігі
Қазақстан Республикасының аумағында оның физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты ТМД-дағы тұзданған топырақтардың 80%-дан астамы шоғырланған (111,5 млн га немесе республика аумағының 41%). Егер Республиканың оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде сортаң және сортаңданған топырақтар үстемдік етсе, оның солтүстік пен орталық өңірлерінде кебір және кебірленген топырақтар патшалық құрған (74,077 млн.га). Соңғылары астық өндіретін белдеуде орналасқан Солтүстік облыстарда (Ақмола, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан) аймақтық ең құнарлы қара және қара-қоңыр топырақтар арасында ошақты қалыптасқан. Олардың құрамында өсімдіктерге ең зиянды сода және көп жағдайда аралас хлоридтар мен сульфаттар жинақталған. Олармен тұзданған кебірлер мен кебірленген топырақтар нашар су-физикалық, физико-механикалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұл топырақтардың ұсақ және орташа дақтарында жыл сайын жер жыртудан бастап егін жинауға дейін агротехнологияның барлық түрлері жасалады, яғни оларға айтарлықтай материалдық, ақшалай және еңбек ресурстары жұмсалады. Алайда содалы сортаңданған кебірлерді игерудің қиындығы және олардағы төмен ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі, жасалған жұмыстарды құнсыздандырады. Кебірлердің ауданы үлкен дақтар алқабы тіпті егістікке игерілмейді.
Жоғарыда айтылғандардан бөлек соңғы жылдары астықты белдеудің қара және қара-қоңыр топырақтары, сонымен қатар кебірлер жергілікті егіншілік жүйесі жағдайында содалы және хлоридті-сульфатты қабаттың беткі жыртылыс қабатына жұмылдыру себебінен деградацияға ұшырауда. Оның себебін белгілі ғалымдар тың игеруден (1954-1960 жж) бастап даланың қара және қара-қоңыр топырақтарының әлі күнге дейін жел эрозиясына ұшырауы нәтижесінде, гумус қабаттарының жұқаруы, салдарынан тұзданған қабаттардың (әсіресе соданың) жер бетіне жақындап, беткі құнарлы қабаттармен араласуымен түсіндіреді. Бұл процесстің орын алуы құнарлы топырақтарда үлкен тік бағытта созылған жарылған сызаттардың (>3см) пайда болуына әкелген және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендеткен. Жоғарыда келтірілген жағдайлар солтүстіктегі астықты белдеуде орналасқан шаруашылықтардағы содалы сортаңданған кебірлерді және кебірленген қара және қара-қоңыр топырақтарды жақсартуды, олардың құнарлылығын арттыруды қажет етеді. Бұл аталған өңірдегі егіншілікте пайдаланылатын жерлердің ауданын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні Қазақстанның астықты белдеуінде кебір мен кебірленген топырақтарды жақсарту үшін әлі күнге дейін жалғыз дәстүрлі мелиоранттар гипс пен фосфогипс қолданылып келеді. Оның топырақтың сілтілі ортасында тиімсіздігі және экологиялық тұрғыдан қауіптілігі (фосфор тыңайтқышы өндірісінің қалдығы) ертеден белгілі. Тіпті АҚШ-та бұдан 25 жыл бұрын оны қолданудан бастартқан. Сондықтан да Республикамыздың астықты белдеуіндегі табиғи-климаттық, өндірістік және егіншілік жүйесінің жағдайлары үшін тиімділігі жоғары экологиялық қауіпсіз мелиоранттарды табудың және озық технологияны әзірлеудің қажеттілігі, жобаның Қазақстанда ғана емес, Халық аралық деңгейде өзектілігін көрсетеді. Біздің ойымызша, дамыған елдерде қалыптасқан озық технологиялардың элементтерімен күкірт және күкірт құрамды мелиоранттарды қолдану, олардың салыстырмалы мелиоративтік тиімділіктерін анықтау және экологиялық қауіпсіз тиімді түрлерін қолдану жоғарыда аталған топырақтардың құнарлылығын және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы: Қазақстанның солтүстіктегі астықты белдеуде аралас содалы сортаңданған кебірлер және әртүрлі дәрежеде кебірленген қара және қара-қоңыр топырақтарда жаңа мелиоранттарды және озық технологияны қолдану, топырақта жүзеге асатын процесстерді түсінуге және оларды басқаруға, нәтижесінде аталған топырақтардың құнарлылығын және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін және жергілікті халықтың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Мақсаты
Қазақстанның астық белдеуіндегі құнарлы топырақтардың арасында кездесетін әртүрлі дәрежеде содалы сортаңданған кебірлерді және кебірленген топырақтарды күкіртпен және күкірт құрамды мелиоранттармен құнарлылығын арттырудың тиімділігі жоғары экологиялық қауіпсіз технологиясының ғылыми және технологиялық негіздерін әзірлеу болып табылады.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Science Citation Index Expanded индекстелетін немесе Web of science базасында импакт-фактор бойынша 1-ші немесе 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша процентилі 65-тен кем емес рецензияланатын ғылыми басылымдарда 2 мақала немесе шолулар, сонымен қатар, рецензияланатын шетелдік немесе ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымдарда 2 мақала немесе шолулар жариялау күтілуде.
Солтүстік Қазақстанның астық белдеуінде, Ақмола облысының мысалында күкіртті және құрамында күкірт бар мелиоранттар аралас содалы тұзданған кебір топырақтарда алғаш рет қолданылатын болады. Оларды қолданудың ғылыми және технологиялық негіздері, сондай-ақ табиғи-климаттық және өндірістік жағдайларға бейімделген технология әзірленеді. Соңғысын пайдалану қарастырылып отырған топырақтың құнарлылығын және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бірінші рет астықты өңірде содалы сортаңданған кебірлерді күкіртті немесе күкірт құрамды мелиоранттармен игерудің әдістемелік ұсынысы әзірленеді.
Зерттеудің бірінші жылында ғылыми және практикалық тұрғыдан келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- орташа және ірі масштабты топырақ карталары, олардың түсініктеме жазбалары зерттелді және содалы сортаңданған кебір топырақтар туралы шетелдік және отандық әдебиеттер көздеріне шолу жүргізілді;
- дала аймағындағы астықты белдеуде (Ақмола облысында) рекогносцировкалық далалық зерттеулер нәтижесінде далалық тәжірибелер жүргізілінетін қалыпты учаскелер таңдалды;
- зерттеу учаскелеріндегі содалы сортаңданған кебірлердің бастапқы топырақ-мелиоративтік жағдайлары зерттелді;
- содалы сортаңданған кебір топырақтарда күкіртті және күкірт құрамды мелиоранттардың салыстырмалы мелиоративтік тиімділіктерін анықтау мақсатында зертханалық модельдік эксперименттер жүргізілді және зертханалық тәжірибелер материалдарына сүйене отырып далалық тәжірибелердің схемасы құрастырылды;
- дайындық жұмыстары жүргізілді және содалы сортаңданған кебір топырақтарда сыналатын мелиоранттар нұсқалармен далалық эксперименттер қойылды.
Әлеуетті пайдаланушылар үшін ақпарат
Астық белдеуіндегі кебір және әртүрлі дәрежеде кебірленген топырақтардың құнарлылығын арттыруға арналған осы жоғары тиімді және экологиялық таза технологияның әлеуетті пайдаланушылары негізінен дақыл өсірумен айналысатын және аумақтарында аралас содалы тұздану мен кебірлену проблемалары бар ауылшаруашылығы кәсіпорындары болып табылады. Олардан бөлек, әзірленген технологияны мұнай және күкірт пен күкірт құрамдас мелиоранттардың отандық және шетелдік аналогтарын өндіретін немесе сататын басқа компаниялар пайдалана алады. Соңында, жоба барысында алынған жаңа білім мен практикалық дағдыларды жоғары оқу орындарында жалпы топырақтану, мелиоративтік топырақтану және экология курстарын оқыту үшін қолдануға болады.
Зерттеу тобының мүшелері
1. Калдыбаев Сағынбай Қалдыбаевич
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
Scopus Author ID: 56669701100
ORCID: https://orcid.org/0000-0003-2821-3684
2. Ержанова Кенже Мамбетсалиевна
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Scopus Author ID: 56226825800
Researcher ID: EUB-3779-2022
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-5333-0906
3. Василина Турсунай Кажымуратовна
PhD докторы, қауымдастырылған профессор
Scopus Author ID: 55603939100
Researcher ID: https://publons.com/researcher/AAP-2284-2020/
ORCID: https://orcid.org/0000-0003-0554-9839
4. Сейткали Нурзихан
PhD докторы, аға оқытушысы
Scopus Author ID: 56982925600
ORCID: https://orcid.org/0000-0003-0942-8188
5. Караева Карлыга Оспановна
PhD доктор, аға оқытушы
Scopus ID: 57191890932
Researcher ID: MCK-3094-2025
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-4074-5352
6. Аубакиров Нурымжан Паржанович
PhD доктор, аға оқытушы
Scopus Author ID: 58645049000
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-7340-2735
7. Наушабаева Светлана Серікқызы
ауылшаруашылығы магистрі, кіші ғылыми қызметкер
ORCID: https://orcid.org/0009-0006-8518-7493
8. Абай Аян
докторант, ауылшаруашылығы магистрі
Scopus Author ID: 59490272400
ORCID: https://orcid.org/0000-0001-9470-9229