ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Орынбасар Мадиана Болатжанқызы

Орынбасар Мадиана Болатжанқызының «Үй мысықтарына арналған COVID-19 инфекциясына қарсы суббірлікті вакцинасын әзірлеу және иммунобиологиялық қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы 8D09101 – «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық зерттеу жұмысы «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ-ға қарасты «Халықаралық вакцинология орталығының» зертханасында, Алматы қаласындағы М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының BSL-3 және ABSL-3 зертханаларында, сондай-ақ Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылында орналасқан «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының базасында жүргізілді.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы - аралас.
 

Ғылыми кеңесшілер

Ғылыми кеңесшілері:
Табынов Кайсар Казыбаевич – ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы «Халықаралық вакцинология орталығының» директоры.
Шетелдік ғылыми кеңесшісі:
Petrovsky Nikolai – PhD, Флиндерс университетінің профессоры (Аделаида қ., Австралия).
 

Ресми рецензенттер

Ресми рецензенттер:
Нурпейсова Айнур Султановна – PhD, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС өндірісті дамыту және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі бас директордың орынбасары.
Бурашев Ербол Досанович – PhD, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының Індеттік аурулардың мониторингі зертханасының меңгерушісі.
 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Булашев Айтбай Кабыкешович –  ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының профессоры.
Орынбаев Мухит Бармакулы – ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, «MVA Group» ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің ғылыми жұмыс және өндірістік бақылау жөніндегі директоры.
Карамендин Кобей Омертаевич – ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Вирустар биохимиясы зертханасының меңгерушісі.
 
Қорғау 2026 жылғы 5 – қараша сағат 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 – Ветеринария даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина, 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесі отырысында, 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимараты, 84 аудиторияда аралас форматта оффлайн және онлайн режимінде өтеді.
 
Zoom конференциясына қосылу:
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Қосылу коды: 1234
Сайт сілтемесі: https://www.kaznaru.edu.kz/

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник