ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Джунусова Райхан Жексенбаевна

Джунусова Райхан Жексенбаевнаның «Эмбрионалдық өліммен байланысты генетикалық ақауларды балаудың әдістерін жетілдіру және сиырларда гинекологиялық патологиялардың алдын алу» тақырыбындағы 8D09101 – «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық зерттеу жұмысы «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ Қазақ-Жапон инновациялық орталығына қарасты «Жасыл биотехнология және торшалық инженерия» зертханасында және «Клиникалық пәндер» кафедрасының зертханасында жүргізілді. Real-Time PCR әдістемесін меңгеру бойынша зерттеу жұмыстары Польша Республикасының Торунь қаласындағы Николай Коперник университетінің Ветеринариялық медицина факультетінде орындалды. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Алматы және Жетісу облыстарындағы шаруашылықтарда жүргізілді.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Койбагаров Канат Уканович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ Клиникалық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
2. Усенбеков Есенгали Серикович – биология ғылымдарың кандидаты, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ Клиникалық пәндер кафедрасының профессоры;
3. Chandra Sheknar Pareek – Торунь қаласындағы Н. Коперник университеті, Ветеринариялық медицина институты, Биология және ветеринария ғылымдары факультетінің профессоры (Торунь қ., Польша Республикасы).

Ресми рецензенттер

1) Джакупов Исатай Тусупович – ветеринария ғылымдарының докторы, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының профессоры;
2) Хасанова Мадина Асылхановна – PhD, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ Ветеринарлық медицина кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Даугалиева Сауле Тлековна – ветеринария ғылымдарының кандидаты,  «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты» ЖШС Молекулалық – генетикалық сараптау зертханасының меңгерушісі;
2. Молдаханов Ергали Сламидинович – PhD, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Вирусқа қарсы қорғаныс зертханасының аға ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессор;
3. Зайнеттинова Динара Болатовна – PhD «Шәкәрім университеті» КеАҚ Ветеринария кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а.
 

Қорғау 2026 жылғы 4 – қараша сағат 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 – Ветеринария даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина, 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесі отырысында, 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимараты, 84 аудиторияда аралас форматта оффлайн және онлайн режимінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Қосылу коды: 1234
Сайт сілтемесі: https://www.kaznaru.edu.kz/


Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник