ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Джанбатыров Абунасыр Шарифуллаевич

Джанбатыров Абунасыр Шарифуллаевичтің «Алманың негізгі зиянкестеріне қарсы  биологиялық күрес шараларын əзірлеу» тақырыбындағы 6D081100 – «Өсімдік қорғау жəне карантин» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының орындалды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Копжасаров Бакыт Кенжекожаевич – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ бас ғылыми қызметкері;
2. Хидиров Кенжали Рахимович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау жəне карантин кафедрасының аға оқытушысы.
3. Исмаилов Владимир Яковлевич – биология ғылымдарының кандидаты, «Өсімдіктерді биологиялық қорғау федералдық ғылыми орталығы» ФМБҒМ, Жəндіктердің химиялық коммуникациясы жəне жаппай өсіру зертханасының меңгерушісі (Краснодар қ., РФ).

Ресми рецензенттер

1) Сарбаев Амангельды Таскалиевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Өсімдіктер иммунитеті және қорғау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС;
2) Байбусенов Курмет Серикович – PhD, Ауыл және орман шаруашылығы институтының қауымдастырылған профессоры, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Слямова Назира Дусупкановна – а.ш.ғ.к., Органикалық егіншілік лабораториясының меңгерушісі, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС;
2. Исмаилова Эльвира Такешевна – а.ш.ғ.к., «Экология және ауыл шаруашылығы микробиологиясы» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, «Микробиология және вирусология ҒӨО» ЖШС;
3. Курманбаева Асылай Бактыбаевна – PhD, қауымдастырылған профессор, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ.

Қорғау 2026 жылғы 30 қазанда сағат 14:30-да «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты (6D080800 - Топырақтану және агрохимия; 6D081100 - Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары; 8D08102 - Топырақтану және агрохимия; 8D08104 - Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесі отырысында, 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8, бас ғимарат, 84 аудиторияда, аралас форматта оффлайн және онлайн режимінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Қосылу коды: 1234
Сайт сілтемесі: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек gulshariya.kairova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник