ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Кайсарова Улболсын Жангазиевна

Кайсарова Улболсын Жангазиевнаның «Ірі қара мал лейкозының алдын алу жүйесін эпизоотологиялық және молекулалық – генетикалық зерттеулер негізінде жетілдіру» тақырыбындағы 8D09101 – «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық зерттеу жұмысы «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ Сынақ орталығының биотехнология және инфекциялық ауруларды диагностикалау зертханасында, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС инфекциялық ауруларды диагностикалау зертханасында және «РҒА Орал бөлімшесінің Орал федералдық аграрлық ғылыми-зерттеу орталығы» ФМБҒМ құрамындағы Орал ғылыми-зерттеу ветеринариялық институтының инфекциялық ауруларды мониторингілеу және болжау бөлімінде (Екатеринбург қ., РФ) орындалды. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Батыс Қазақстан облысының жеке шаруа қожалықтарында жүргізілді.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орысша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

Нургалиев Биржан Елубаевич – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Жәңгір Хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті» КеАҚ ветеринария және агротехнология институтының қауымдастырылған профессоры;
Кошеметов Жумагали Каукарбаевич – биология ғылымдарының докторы, профессор, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары» ғылыми-зерттеу институтының індеттік ауруларды балау зертханасының меңгерушісі;
Петропавловский Максим Валерьевич - ветеринария ғылымдарының докторы, профессоры, Орал мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры (Екатеринбург қ., РФ).

Ресми рецензенттер

1) Муканов Касым Касенович – в.ғ.д., профессор, Қолданбалы генетика зертханасының бас ғылыми қызметкері, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС;
2) Башенова Эльвира Ералиевна – PhD, Вирусология зертханасының ғылыми қызметкері, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Zienius Dainius – PhD, Ветеринариялық патобиология кафедрасының доценті, «Литва денсаулық ғылымдары университеті»;
2. Кыдырманов Айдын Исагалиевич – в.ғ.д., профессор, Вирустар экологиясы зертханасының меңгерушісі, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС;
3. Кирпиченко Владимир Владимирович – в.ғ.к., биологиялық қауіпсіздік офицері, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС.

Қорғау 2026 жылғы 18 қыркүйек сағат 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 – Ветеринария даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина, 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесі отырысында, 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимараты, 84 аудиторияда аралас форматта оффлайн және онлайн режимінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Қосылу коды: 1234
Сайт сілтемесі: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник