ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Хасейн Алтын

Хасейн Алтынның 8D08104 - «Өсімдік қорғау және карантин» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Жүзім сорттарын in vitro әдістерінің негізінде сауықтыру және өсіру технологиясы» тақырыбындағы диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс 2022-2025 жылдар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин» кафедрасында орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Сулейманова Гульнур Алмасовна – PhD, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
2. Малахова Наталья Петровна – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, М. Ә. Айтхожин атындағы «Молекулярлық биология және биохимия» институты, «Өсімдіктердің биоинженериясы» зертханасының меңгерушісі;
3. Tefide Kızıldeniz Gürbüz – PhD, қауымдастырылған профессор, Нигде Өмер Халисдемир университеті, «Ауыл шаруашылығы ғылымдары және технологиялары» факультеті, «Биожүйелік инженерия» кафедрасының доценті (Түркия Республикасы, Нигде қаласы).

Ресми рецензенттер

1) Жапар Қуаныш Қабылұлы – PhD, Назарбаев Университеті жанындағы National Laboratory Astana (NLA), «Геномдық және дербестендірілген медицина» зертханасының ғылыми қызметкері;
2) Кабылбекова Балнур Жасулановна – PhD, қауымдастырылған профессор, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің «Бақ дақылдарының генофонды» зертханасының меңгерушісі.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Ермекбаев Канат Абаевич - PhD,  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы» институтының бас директоры;
2. Есенбекова Гулзат Туйешиевна - PhD, С.Сейфуллин атындағы «Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-нің «Ауыл және орман шаруашылығы» институтының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы;
3. Ғалымбек Қанат - PhD, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Биология» кафедрасының аға оқытушысы.

Қорғау аралас форматта онлайн және офлайн 2026 жылы 15 қыркүйекте, сағат 11:00-де Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты (8D08102 - Топырақтану және агрохимия; 8D08104 - Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимарат, 84 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Кіру коды: 1234
Сайт сілтемесі: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек gulshariya.kairova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник