ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Абдлахатова Назым Шохадляевна

Абдлахатова Назым Шохадляевнаның 8D08702 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Автономды тұтынушылардың энергия тиімділігін арттыру үшін бинарлы электр станциясының технологиялық режимін зерттеу және жетілдіру» тақырыбындағы диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде орындалды.
Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

Токмолдаев Аманжол Бектурсынович – т.ғ.к., ALT UNIVERSITY «Автокөлік құралдары және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
Орынбаев Сейтжан Ауесжанович – PhD, қауымдастырылған профессор, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Тараз қаласындағы филиалы Ғылым, инновациялар және технологиялар трансфері орталығының жетекшісі;
Luis Frölén Ribeiro – техника ғылымдарының докторы, Браганса политехникалық институты (Португалия) «Механикалық технологиялар» кафедрасының профессор-координаторы, инженерияның құрметті докторы.

Ресми рецензенттер

1) Алимгазин Алтай Шурумбаевич – т.ғ.д., профессор, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»;
2) Сарсенбаев Ерлан Алиаскарович – PhD, қауымдастырылған профессор, «Энергетика» кафедрасының меңгерушісі, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Урмашев Байдаулет Амантаевич – ф.-м.ғ.к., «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының профессор-зерттеушісі, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ;
2. Саухимов Алмаз Абжалиевич – PhD, Ұлттық электр желісін дамыту жөніндегі басқарушы директор, «KEGOC» АҚ;
3. Дуйсенбаева Молдир Серикбековна – PhD, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» «Физика» кафедрасының меңгерушісі.

Қорғау 2026 жылғы 9 қыркүйекте сағат 14:30-да офлайн және онлайн аралас форматта ҚазҰАЗУ жанындағы 8D087 – Агроинженерия кадрлар даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді (Мамандықтар: 6D080600 – Аграрлық техника және технология, 6D081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету; білім беру бағдарламалары: 8D08701 – Аграрлық техника және технология, 8D08702 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету), Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8-үй, бас ғимарат, 84-аудитория.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Кіру коды: 1234

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек moldazhanov.a@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник