Балқожа Маржан Әмитқызы
Балқожа Маржан Әмитқызының «Қостанай облысының оңтүстік бөлігіндегі қара-қоңыр топырақтардың жағдайы жəне олардың құнарлылығын бағалауды жетілдіру тәсілдері» тақырыбындағы 6D080800 – «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ - да орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
1. Рыспеков Тилепберген Распекович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының ассистент– профессоры;
2. Jiří Jandák – Брнодағы Мендель университетінің Агрономия факультеті, «Агрохимия, топырақтану, микробиология және өсімдіктерді қоректендіру» кафедрасының ауылшаруашылық-орман ғылымдарының кандидаты (Чехия Республикасы, Брно қаласы).
Ресми рецензенттер
1) Салихов Талгат Кумарович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» КеАҚ-ның «Физикалық және экономикалық география» кафедрасының профессор міндетін атқарушы;
2) Кекілбаева Гулнур Рахманкызы – биология ғылымдарының кандидаты, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-ның Ауыл және орман шаруашылығы институты, Өсімдік шаруашылығы білім беру бағдарламасы тобының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Таутенов Ибадулла Айгалиевич - ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ-ның «Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламасы тобының қауымдастырылған профессоры;
2. Құныпияева Гуля Тлеужанқызы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Топырақтану және агрохимия зертханасының аға ғылыми қызметкері;
3. Сулейменов Бейбут Уалиханович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент, «Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Агрохимия бөлімінің бас ғылыми қызметкері.
Қорғау 2026 жылғы 03 қыркүйекте сағат 14:30-да «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты (6D080800 - Топырақтану және агрохимия; 6D081100 - Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары; 8D08102 - Топырақтану және агрохимия; 8D08104 - Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесі отырысында, 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8, бас ғимарат, 84 аудиторияда, аралас форматта оффлайн және онлайн режимінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Қосылу коды: 1234
Сайт сілтемесі: https://www.kaznaru.edu.kz/
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек gulshariya.kairova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.
Докторлық диссертацияны қорғауы