ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Алимбекова Балнур Ерболовна

Алимбекова Балнур Ерболовнаның «Ашық-қара қоңыр топырақтың фосфат режимі және дара егістікте өсірілген қант қызылшасының өнімділігіне фосфор тыңайтқыштарын ұзақ мерзім қолданудың әсері» тақырыбындағы 6D080800 – «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Елешев Рахимжан Елешевич«Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры, а.ш.ғ.к. ҚР ҰҒА және РАШҒА академигі.
2. Иванов Андрей Леонидович В.В.Докучаев  атындағы топырақтану институтының директоры ,б.ғ.д., профессор, РҒА және РАШҒА академигі (Мәскеу қаласы, Ресей).

Ресми рецензенттер

1) Рамазанова Раушан Хамзаевна ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ө.О.Оспанов атындағы «Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Басқарма төрағасы.
2) Таутенов Ибадулла Айгалиевич ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ-ның «Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламасы тобының қауымдастырылған профессоры.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Сапаров Галымжан Абдуллаевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Ө.О.Успанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Топырақ экологиясы бөлімінің меңгерушісі.
2. Салихов Талгат Кумарович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» КеАҚ-ның «Физикалық және экономикалық география» кафедрасының профессор міндетін атқарушы.
3. Құныпияева Гуля Тлеужанқызы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Топырақтану және агрохимия зертханасының аға ғылыми қызметкері.

Қорғау 2026 жылғы 03 қыркүйекте сағат 11:00-де «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты (6D080800 - Топырақтану және агрохимия; 6D081100 - Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары; 8D08102 - Топырақтану және агрохимия; 8D08104 - Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесі отырысында, 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8, бас ғимарат, 84 аудиторияда, аралас форматта оффлайн және онлайн режимінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Қосылу коды: 1234
Сайт сілтемесі: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек gulshariya.kairova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник