Азизов Худайберген Алимбаевич
Азизов Худайберген Алимбаевичтің «Поликомпонентті фитопрепараттың қозылар ағзасының телімсіз резистенттілік көрсеткіштеріне әсері және бронхит ауруына қарсы емдік тиімділігі» тақырыбындағы 8D09101 – «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс бойынша зерттеу жұмыстары «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ фармакология және жануарлар патологиясы кафедрасының оқу-ғылыми зертханасында, «Қазақстан–Жапон инновациялық орталығының» зертханасында, сондай-ақ Варминь-Мазур университетінің (Польша) биохимия және иммунология зертханасында орындалды. Сонымен қатар, кейбір зерттеулер «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ-ның фармацевтикалық технологиялар кафедрасының зертханасында жүргізілді. Ғылыми-өндірістік тәжірибе жұмыстары Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарындағы жеке шаруа қожалықтарында жүзеге асырылды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
1. Заманбеков Нуртлеу Акжолтаевич – ветеринария ғылымдарының докторы, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ фармакология және жануарлар патологиясы кафедрасының профессоры;
2. Sobiech Przemyslaw Hubert – ветеринария ғылымдарының докторы, Варминь- Мазур университетінің профессоры (Ольштын қаласы, Польша).
Ресми рецензенттер
1) Билялов Ермекказы Ережепович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ветеринария кафедрасының аға оқытушысы;
2) Есжанова Гульжан Турсуновна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының қауымдастырылған профессоры.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Кушалиев Кайсар Жалитович – ветеринария ғылымдарының докторы, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ ветеринария және агротехнология институтының профессоры;
2. Бакиева Флюра Альбертовна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Жалын ғылыми өндірістік технологиялық орталығы» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері;
3. Молдаханов Ергали Сламидинович – PhD, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС вирусқа қарсы қорғаныс зертханасының аға ғылыми қызметкері.
Қорғау 2026 жылғы 29 мамыр сағат 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 – Ветеринария даярлау бағыты 8D09101 – Ветеринариялық медицина, білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесі отырысында, 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда, аралас форматта оффлайн және онлайн режимінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Қосылу коды: 1234
Сайт сілтемесі: https://www.kaznaru.edu.kz/
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек
Докторлық диссертацияны қорғауы