ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Сармыкова Махпал Кенжеевна

Сармыкова Махпал Кенжеевнаның «Бактериофагқа негізделген биологиялық препараттың технологиясын жасау және оны жылқы сақауын емдеуге қолдану» тақырыбындағы 8D09101 – «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында және «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ фармакология және жануарлар патологиясы кафедрасында орындалды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Сырым Назым Сырымқызы ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС микробиология зертханасының бас ғылыми қызметкері;
2. Алиханов Куантар Дауленович PhD, профессор, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Пәнаралық ғылым орталығының директоры;
3. Шестаков Андрей Геннадьевич биология ғылымдарының кандидаты, П.А. Столыпин атындағы Ульяновск МАУ «Микробиология, вирусология, эпизоотология және ветеринариялық-санитариялық сараптау» кафедрасының доценті (РФ).

Ресми рецензенттер

1) Бижанов Алим Байжанович – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «Акынтай» ЖШС директоры;
2) Саттарова Рано Саитомаровна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС бактериология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Тургенбаев Кайрат Алтынбекович ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «БиоВет ғылыми – өндірістік орталығы» ЖШС бас ғылыми қызметкері;
2. Канатбаев Серик Ганиевич – биология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС-нің филиалы Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринариялық стансасының меңгерушісі;
3. Мурзабаев Кенжебек Есмагамбетович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ ветеринария және агротехнология институтының қауымдастырылған профессоры.

Қорғау 2026 жылғы 28 мамыр сағат 16:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 – Ветеринария даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина, 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесі отырысында, 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда, аралас форматта оффлайн және онлайн режимінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Қосылу коды: 1234
Сайт сілтемесі: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник