Исмагулова Эльмира Советовна
Исмагулова Эльмира Советовнаның «Қазақстанның оңтүстік жеміс өсіру аймағындағы грек жаңғағының интродуцияланған сорттарын фитопатологиялық бағалау және оның негізгі ауруларына қарсы қорғау шараларын жасау» тақырыбындағы 8D08104 – «Өсімдік қорғау және карантин» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ –да орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – ағылшын тілі, орыс тілі.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
1. Кайрова Гулшария Нурсапаевна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
2. Hüseyin Basim – PhD докторы, профессор, Акдениз университетінің Ауыл шаруашылығы факультетінің өсімдіктерді қорғау кафедрасының меңгерушісі (Түркия).
Ресми рецензенттер
1) Рахимова Елена Владимировна – биология ғылымдарының докторы, доцент, Микология және альгология зертханасының бас ғылыми қызметкері, ҚР ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК;
2) Allah Bakhsh – PhD, Пәкістанның Лахор қаласындағы Пенджаб университетінің Молекулалық биология саласындағы шеберлік орталығының қауымдастырылған профессоры.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Ермекбаев Канат Абаевич, философия докторы (PhD), Молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі, «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ;
2. Хасанов Вадим Тагирович, биология ғылымдарының кандидаты (PhD), «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы институтының «Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламалар тобының профессоры;
3. Дюсембаев Казбек Амзеұлы, PhD докторы, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС-нің «Биоәртүрлілік және генетикалық ресурстар» зертханасының ғылыми қызметкері.
Қорғау 2026 жылғы 29 сәуірінде сағат 11:00-де «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты (6D080800 - Топырақтану және агрохимия; 6D081100 - Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары; 8D08102 - Топырақтану және агрохимия; 8D08104 - Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесі отырысында, 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда, аралас форматта оффлайн және онлайн режимінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Қосылу коды: 1234
Сайт сілтемесі: https://www.kaznaru.edu.kz/
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек gulshariya.kairova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек
Докторлық диссертацияны қорғауы