Сатыбаев Берик Гариполлиевич
Сатыбаев Берик Гариполлиевичтің «Батыс Қазақстан облысындағы аралардың жиі кездесетін инфекциялық, инвазиялық аурулары және олармен күресу шаралары» тақырыбындағы 8D09101 – «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Сынау орталығында, Ветеринария және агротехнология институтының ара ауруларын зерттеу зертханасында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының ара шаруашылығы қожалықтарында жүргізілді.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
1. Кушалиев Кайсар Жалитович – ветеринария ғылымдарының докторы, Ветеринария және агротехнология институтының профессоры, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ;
2. Валитова Наталия Владимировна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, Жер ғылымдары мектебінің аға оқытушысы, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ.
3. Островерхова Надежда Васильевна – биология ғылымдарының докторы, омыртқасыздар зоологиясы кафедрасының профессоры, «Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті» Федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі (РФ).
Ресми рецензенттер
1) Даугалиева Сауле Тлековна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, молекулярлық-генетикалық сараптау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС;
2) Турганбаева Гульнар Елдесбаевна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, биологиялық қауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Сейлгазина Сауле Мункановна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС басқарма төрағасының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары;
2. Молдаханов Ергали Сламидинович – PhD, вирусқа қарсы қорғаныс зертханасының аға ғылыми қызметкері, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС;
3. Нуркенова Марал Кариполлаевна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, ветеринария кафедрасының аға оқытушысы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ.
Қорғау 2026 жылғы 23 сәуірде сағат 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 – Ветеринария даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина, 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесте 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 (бас ғимарат), 84 аудиторияда аралас (онлайн және офлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Докторлық диссертацияны қорғауы