Турабеков Манас Рамазонович
Турабеков Манас Рамазоновичтің «Мал шаруашылығы нысандарын профилактикалық дезинфекциялауға арналған қауіпсіз қосылыстар негізінде дезинфекциялық заттарды даярлау» тақырыбындағы 8D09102 – «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD), дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ «Ветеринариялық санитария» кафедрасының зертханасында және Алматы облысының Талғар ауданы мен Іле ауданындағы шаруа қожалықтарында орындалған.
Қорғау түрі - диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі - қазақша.
Қорғау форматы - аралас.
Ғылыми кеңесшілер
Алиханов Куантар Дауленович - PhD, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ фармакология және жануарлар патологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
Еспембетов Болат Аманбаевич - ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары» ҒЗИ микробиология зертханасының меңгерушісі;
Przemyslaw Sobiech - ветеринария ғылымдарының докторы, Вармин - Мазур университетінің ішкі аурулар кафедрасының профессоры (Польша).
Ресми рецензенттер
1) Дюсембаев Сергазы Турлыбекович - ветеринария ғылымдарының докторы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ветеринария кафедрасының профессоры;
2) Паритова Асел Ержановна – PhD, «Ветеринариялық санитария» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Койгельдинова Айнур Сембаевна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ветеринария кафедрасының профессор м.а.;
2. Саттарова Рано Саитомаровна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «ҚазҒЗВИ» ЖШС бактериология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері;
3. Молдаханов Ергали Сламидинович – PhD, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС вирусқа қарсы қорғаныс зертханасының аға ғылыми қызметкері.
Қорғау 2025 жылғы 19 қарашада сағат 14:30-да Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты (6D120100–Ветеринариялық медицина, 6D120200–Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101–Ветеринариялық медицина; 8D09102–Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, 84 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек
Докторлық диссертацияны қорғауы