KazNARU

Хиясов Мадияр Галимжанович

Хиясов Мадияр Галимжановичтің «Жайылымдардың жай-күйін бағалау және оларды ұтымды пайдалану тәсілдерін зерттеу» тақырыбындағы 8D08101 – «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Диссертациялық жұмыс «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орысша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Насиев Бейбит Насиевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ, Ветеринария және агротехнология институты профессоры (Орал, Қазақстан).
2. Янчева Христина Георгиевна – PhD, Пловдив аграрлық университеті профессоры (Болгария Республикасы, Пловдив).

Ресми рецензенттер

1) Сейткаримов Амир – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Жайылымдар және мал азығы дақылдары бөлімі Бас ғылыми қызметкері, «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.
2) Жанбырбаев Елдос Алмабекович – PhD доктор, қауымдастырылған профессор, «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі, «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Жапаев Рауан Кайтбекович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Егіншілік» зертханасының меңгерушісі, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС;
2. Сапаров Ғалымжан Абдуллаевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Топырақ экологиясы» бөлімінің меңгерушісі, «Ө.Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ» ЖШС;
3. Салихов Талгат Кумарович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Физикалық және экономикалық география» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ.

Қорғау аралас форматта онлайн және офлайн 2025 жылы 13 маусым, сағат 10.30-да Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 –Агрономия; 6D080900 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 – Агрономия;  8D08103 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы; 8D08113 Өсімдіктер селекциясы білім беру бағдарламалары) даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек kenzhe.yerzhanova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник