KazNARU

Базарбаев Рыскелди Кантореевич

Базарбаев Рыскелди Кантореевичтің «Құстың жұқпалы бронхиті және Ньюкасл ауруына қарсы поливалентті инактивтелген вакцина дайындауға қолданылатын вирустар штамдарының сипаттамасы» тақырыбындағы 6D120100– «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Зерттеу жұмыстары «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ биологиялық қауіпсіздік кафедрасының ғылыми зертханасында және «Univet ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС «Animal Expert Group» зертханасында орындалған.
Қорғау түрі –диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Асанов Нигметулла – ветеринария ғылымдарының докторы, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ биологиялық қауіпсіздік кафедрасының профессоры;
2. Valdovska Anda – PhD, Латвия жаратылыстану ғылымдары және технологиялар университетінің профессоры (Латвия, Елгава қ.).

Ресми рецензенттер

1) Абдрахманов Сарсенбай Кадырович - ветеринария ғылымдарының докторы, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ ветеринариялық санитария кафедрасының профессоры;
2) Кошеметов Жумагали Каукарбаевич – биология ғылымдарының докторы, профессор, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары» ғылыми-зерттеу институтының індеттік ауруларды балау зертханасының меңгерушісі.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Кутумбетов Леспек Бекболатович - ветеринария ғылымдарының докторы, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары» ғылыми-зерттеу институтының аса қауіпті аурулар зертханасының меңгерушісі;
2. Касенов Мархабат Мелисбекович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС-нің бас директоры;
3. Касымбеков Ермухаммет Торебекович – PhD, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС молекулярлық вирусология зертханасының ғылыми қызметкері.

Қорғау 2025 жылғы 12 маусым  сағат 16:30-да Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник