«АӨК-тің цифрлық экожүйесі: экономиканың жаһандық трансформациясы жағдайында құқықтық жүйе мен инновациялық бизнес-модельдерді интеграциялау» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 2026 жылдың 10 сәуірі

Құрметті жас ғалымдар және студенттер!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебі және Битлистегі Эрен университеті 2026 жылдың 10 сәуірінде өтетін «АӨК-тің цифрлық экожүйесі: экономиканың жаһандық трансформациясы жағдайында құқықтық жүйе мен инновациялық бизнес-модельдерді интеграциялау» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жас ғалымдарды, докторанттарды, магистранттарды және студенттерді қатысуға шақырады.
Конференцияда келесі секциялардың жұмысы жоспарлануда:
-
Цифрлық АӨК-тегі инновациялық бизнес-модельдер: экономикалық механизмдер және саланың трансформациясы.
-
Есеп, қаржы және бағалау: ESG күн тәртібі, цифрландыру және тұрақты даму.
-
Цифрландыру жағдайында құқық пен заңнаманы дамытудың өзекті мәселелері.
Конференция аралас (онлайн, оффлайн) форматта өтеді
Конференцияны өткізудің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу ТЕГІН.
Конференция қорытындысы бойынша ISBN берілген электрондық жинақ PDF нұсқасында шығарылады, конференция материалдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің https://www.kaznaru.edu.kz/ru сайтында жарияланатын болады.
Конференция туралы толық ақпарат ақпараттық хатта көрсетілген.