-
2017–2022 жылдары – «Бір белдеу, бір жол» PhD докторантура бағдарламасы,
-
2022–2024 жылдары – Қытайдың постдокторлық зерттеу бағдарламасы.
-
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының» иегері (2025 ж.);
-
Қытай Халық Республикасының «Ең үздік шетелдік студент» стипендиясының иегері (2020 ж.);
-
Northwest A&F University Президентінің «Үздік ғылыми жетістіктері мен оқу үлгерімі үшін» стипендиясының иегері (2020 ж.);
-
China Media Group (CRI Online) ұйымдастырған «Colourful China» халықаралық коммуникация байқауының күміс жүлдегері;
-
Shaanxi Women's E-commerce Entrepreneurship and Innovation Competition байқауының қола жүлдегері (2022 ж.).
Зерттеу нәтижесінде қазақы тұқымдардың генетикалық құрылымын қалыптастыратын үш негізгі ата-тектік компонент анықталды: еуропалық, еуразиялық және шығыс азиялық таурин кластерлері. Сонымен қатар, қазақтың ірі қара малының жоғары генетикалық әртүрлілікке және инбридинг деңгейінің төмендігіне ие екені дәлелденді, бұл олардың табиғи генетикалық әлеуетінің сақталғанын көрсетеді.
Елеулі ғылыми нәтижелердің бірі – қазақтың ақбас сиырына тән ерекше ақбас пигментациясымен байланысты 6-хромосомада орналасқан PDGFRA, KIT және KDR гендері аймағында күшті сұрыптау сигналдарының анықталуы. Бұл нәтижелер ұлттық тұқымдардың фенотиптік ерекшеліктерінің молекулалық негіздерін түсіндіруге мүмкіндік береді.
Алатау тұқымы бойынша жүргізілген зерттеулерде өнімділікке байланысты маңызды генетикалық аймақтар анықталды. Ет өнімділігімен байланысты гендер: KCNMA1, PDGFRA, HIF1A, ANTXR1, ал сүт өнімділігімен ассоциацияланған гендер: ATP2B1, DHX15, FUK, NEGR1, CCDC91, COG4, PTK2B. Бұл нәтижелер селекциялық жұмыстарда тиімді генетикалық маркерлер ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Ниязбекова Ж.Н. жануарлар микробиотасы саласындағы зерттеулерді белсенді дамытып келеді. Оның ғылыми жұмыстары сүтқоректілердің туғаннан бастап ересек кезеңге дейінгі ішек микробиотасының қалыптасуын зерттеуге бағытталған және заманауи омикс технологиялары мен метагеномдық талдау әдістерін қолдануға негізделген.
2022 жылы Northwest A&F University университетінде «The maternal milk and fecal microbial communities of dairy goats and their potential roles in the establishment of kids’ gut microbiota» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Зерттеу барысында сүт пен нәжістегі микробтық қауымдастықтар, олардың динамикасы және жас төлдің саулығы мен өнімділігіне әсері жан-жақты талданды.
2008–2013
Мамандығы: 5В120100 – Ветеринарлық медицина
Біліктілігі: Ветеринарлық дәрігер (GPA 3.77)
2013–2015
Мамандығы: 6М120100 – Ветеринарлық медицина
Біліктілігі: Ветеринария ғылымдарының магистрі (GPA 3.89)
2018–2022
Мамандығы: 8D091 – Ветеринария
Біліктілігі: Ветеринария ғылымдарының PhD докторы (профилактикалық ветеринарлық медицина), GPA 3.89
Northwest A&F University, Қытай Халық Республикасы
2022–2023
Біліктілігі: Постдокторантура, Күйіс қайыратын жануарлардың эволюциясы және генетикасы орталығы