"Жануарлар физиологиясы" бойынша викторина нәтижелері
2026 жылғы 20 қарашада Ветеринария және зооинженерия факультетінің қабырғасында «Жануарлар физиологиясы» зияткерлік викторинасы өтті.
Қатысушылар жоғары білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын және командада жұмыс істей білу шеберлігін көрсетті. Викторина үш қызықты кезеңнен тұрды: тақырыптық сұрақтар, бейнежағдаяттарды талдау және терминологиялық марафон.
Викторина қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
I орын — Вет-25-17Р тобы. Жеңімпаздарға Bluetooth тінтуірлері табысталды.
II орын — Вет-25-18Р тобы. Жүлдегерлер заманауи саптыаяқтармен марапатталды.
III орын — Вет-25-16Р тобы. Қатысушыларға компьютер тінтуіріне арналған төсеніштер табысталды.
IV орын — Вет-25-15Р тобы. Командаға ветеринариялық брошьтер мен мәтін белгілеуге арналған маркерлер сыйға тартылды.
Іс-шараны Н. У. Базанова атындағы «Жануарлар биологиясы» кафедрасының оқытушысы Өтебаев Жасулан Маратович және Вет-25-18Р тобының студенті Пак Дэя Романовна ұйымдастырды.
Викторинаны ұйымдастыруға және өткізуге келесі студенттер қолдау көрсетті:
Селиханова Аделия Ерлановна;
Чайбеков Асанали Нуржанович;
Щербакова Диана Максимовна;
Есауленко Евгений Николаевич.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық командаларға белсенді қатысқаны, тыңғылықты дайындығы және білімге деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз. Әрбір қатысушы құнды тәжірибе жинақтап, кәсіби білімін тексеріп, ветеринариялық дәрігер мамандығына тағы бір қадам жақындай түсті.
Студенттерімізге алдағы уақытта мол табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!