ҚАЗАҚСТАН – ТҮРІКМЕНСТАН: ДОСТЫҚ ПЕН БАУЫРЛАСТЫҚ КЕШІ!
✨ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "Су ресурстары және IT- технологиялар" факультеті, IT- технологиялар кафедрасында Түрікменстаннан келген студенттерді қарсы алуға арналған ерекше мәдени достық кеші өтті!
🌍 Іс-шараның басты мақсаты – екі ел арасындағы достық пен бауырластықты нығайту, ұлттық мәдениеттерді дәріптеу және жаңа студенттерге жылы лебіз білдіру.
🎶 Кеш барысында қазақ және түрікмен халықтарының ұлттық әндері мен билері орындалып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Студенттер өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады!
🎓 Іс-шараны ұйымдастырған топтар:
🔹 ИС-25-02К(Т) – кураторы Абиева Ақерке
🔹 ИС-25-03К(Т) – кураторы Бердімұрат Шұғыла
🔹 ИС-25-07К(Т) – кураторы Байғара Әсем
💙 Осындай тағылымды кешті ұйымдастырған кураторлар мен студенттерге алғысымызды білдіреміз!
🇰🇿🇹🇲 Екі елдің достығы мәңгілік, бауырластығы берік болсын!