«Менің болашақ мамандығым – қоғамға қандай пайда әкеледі?»
ИС 26-03 к тобының студенттері мен топ кураторы Б.А. Майлыханованың қатысуымен «Менің болашақ мамандығым – қоғамға қандай пайда әкеледі?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында студенттер ІТ мамандығының қоғамдағы рөлі мен маңызын талқылап, ақпараттық технологиялардың білім беру, денсаулық сақтау, киберқауіпсіздік, экология және мемлекеттік қызмет салаларындағы мүмкіндіктерімен танысты. Практикалық бөлімде қатысушылар топтарға бөлініп, университет өміріндегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ІТ-жобалардың идеяларын ұсынды.
Дөңгелек үстел студенттердің болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттырып, сыни ойлау, топпен жұмыс істеу және кәсіби жауапкершілік дағдыларын дамытуға ықпал етті. Іс-шара соңында студенттер өз білімдері мен қабілеттерін қоғамға пайдалы цифрлық шешімдер әзірлеуге бағыттау қажеттігі туралы қорытынды жасады.