Ірі қара және шошқа цистицеркозын диагностикалау бойынша ашық сабақ

Ірі қара және шошқа цистицеркозын диагностикалау бойынша ашық сабақ

2026 жылғы 2 қазанда сағат 14:20–16:10 аралығында 11-ғимараттың гельминтологиялық зерттеулерге арналған №209 мамандандырылған аудиториясында «Паразитология және инвазиялық аурулар I» пәні бойынша «Ірі қара және шошқа цистицеркозын диагностикалау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттер ірі қара мал цистицеркозының (финнозының) қоздырғышы Cysticercus bovis және шошқа цистицеркозының қоздырғышы Cysticercus cellulosae туралы білімдерін тереңдетті. Аурулардың таралу жолдары, эпизоотологиялық ерекшеліктері, патогенезі және негізгі клиникалық белгілері қарастырылды.

Студенттер цистицеркозды малдың тірі кезінде және сойғаннан кейін анықтау әдістерімен танысты. Ұшалар мен ішкі ағзаларды ветеринариялық-санитариялық сараптау барысында цистицерктер жиі орналасатын мүшелерді тексеру тәсілдерін меңгерді.

Сонымен қатар студенттер ірі қара мен шошқа цистицеркозын ажырату, зерттеу нәтижелерін бағалау және зақымданған мал өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру дағдыларын қалыптастырды.

Ашық сабақ теориялық білімді тәжірибелік тапсырмалармен ұштастыруға және болашақ ветеринариялық мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник