KazNARU-да АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТТІ

KazNARU-да АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТТІ

2026 жылғы 30 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Агробиология факультетінде «Алматы қаласының экологиялық проблемалары» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Дәрісті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Алихан Божбанов жүргізді.

Дәріс барысында Алматы қаласындағы өзекті экологиялық мәселелер, олардың қоршаған ортаға әсері және шешу жолдары қарастырылды. Профессор экологиялық проблемаларды талдау, қоршаған ортаның жай-күйін бақылау және тиімді шешімдер қабылдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар экологиялық мониторинг жүргізуде жасанды интеллектіні пайдаланудың халықаралық тәжірибесі мен инновациялық тәсілдері таныстырылды. Қоршаған ортаны қорғау саласында заманауи цифрлық технологияларды енгізудің маңызы және олардың экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды.

Кездесуге Агробиология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен «Экология» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. Қатысушылар дәріс тақырыбы бойынша пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Ашық талқылау барысында қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған ғылыми тәсілдер мен практикалық ұсыныстарға назар аударылды.

Қонақ дәріс «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры Б. Махамедованың ұйымдастыруымен өткізілді. Мұндай ғылыми-танымдық кездесулер студенттердің кәсіби қызығушылығын арттыруға, теориялық білімін тереңдетуге және зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Алдағы уақытта кафедра отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелеріне арналған қонақ дәрістерді жалғастыруды жоспарлап отыр.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник