ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ
2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Маңызды мемлекеттік жиынға Құрылтай депутаттары, Үкімет пен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен бірге ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті, KazNARU Басқарма төрағасы – Ректоры, академик Ақылбек Күрішбаев қатысты.
KazNARU-дың барлық оқу корпустарында Президент Жолдауының тікелей көрсетілімі ұйымдастырылды. Университет басшылығы, қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар бас қосып, Мемлекет басшысының ел дамуының алдағы кезеңіне арналған негізгі міндеттерін тыңдады.
Президент 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынып, еліміздің инфрақұрылымын кешенді жаңғырту, тұрғын үй, жол, әлеуметтік және ғылыми нысандар құрылысын дамыту міндеттерін атап өтті.
Жолдауда экономиканы цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу және заманауи цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Қазақстанды Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналдыру, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту, жасанды интеллектті енгізу, су ресурстарын тиімді пайдалану, білім мен ғылымды дамыту басым бағыттар ретінде айқындалды.
Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттер KazNARU-дың аграрлық ғылымды дамыту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні өндіріске енгізу, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені үшін білікті мамандар даярлау бағытындағы қызметімен үндеседі.