ЕҚТА-дағы SMART-патрульдеу: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер

ЕҚТА-дағы SMART-патрульдеу: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер

        2026 жылғы 16 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Орман ресурстары, аңшылықтану және аквакультура» кафедрасында «ЕҚТА-да SMART-патрульдеу» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Қонақ дәріскер ретінде Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (АСБК) маманы Талғат Кисебаев қатысып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы SMART-патрульдеу жүйесінің маңызы мен оны қолдану ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

          Дәріс барысында табиғатты қорғау жұмыстарында заманауи цифрлық технологияларды қолдану, патрульдеу қызметінің тиімділігін арттыру, жабайы жануарларды қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері қарастырылды. Кездесу студенттерге теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, табиғатты қорғау саласындағы заманауи әдістермен танысуға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында қатысушылар тақырып бойынша пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Қонақ дәріске ОЗ-24-23К, ОЗ-24-22К және ОЗ-23-13К топтарының студенттері, сондай-ақ кафедра оқытушылары: профессор Қ.Т. Абаева, қауымдастырылған профессор М. Қ., Байбатшанов, аға оқытушылар А. Т. Жұбанышова мен А. О. Балатаев қатысты.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник