Ұстаз – ұрпаққа бағыт беруші

Ұстаз – ұрпаққа бағыт беруші

Білім алушылардың кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал ету, ұстаз еңбегінің маңызын түсіндіру мақсатында 6В08604 – «Су шаруашылығы және мелиорация» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне «Ұстаз – ұрпаққа бағыт беруші: студенттің кәсіби және тұлғалық дамуындағы ұстаздың рөлі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақты «Мелиорация және суармалы егіншілік» мамандығының 1 курс докторанты Мұратова Ақмарал педагогикалық практикасы барысында ұйымдастырды.

Сабақ барысында ұстаз бен студент арасындағы кәсіби және тұлғалық байланыстың маңызы, ұстаздың болашақ маманның кәсіби қалыптасуына тигізетін ықпалы, студенттің өз болашағына жауапкершілікпен қарауы және өзін-өзі дамытуға деген мотивациясы туралы пікір алмасу жүргізілді.

Сонымен қатар студенттер ұстаз еңбегінің қоғамдағы орны мен болашақ су ресурстары маманы ретінде кәсіби құндылықтарды қалыптастырудың маңызын талқылады. Сабақ барысында білім алушылар өз ойларын ортаға салып, ұстазға деген құрмет пен алғыс сезімдерін білдірді.

Ашық сабақ студенттердің кәсіби жауапкершілігін арттыруға, тұлғалық дамуына ынталандыруға және болашақ маман ретінде өз құндылықтарын айқындауға бағытталды.

Мұндай іс-шаралар білім алушылардың кәсіби көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, ұстаз бен студент арасындағы өзара құрмет пен сабақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник