Балық шаруашылығын дамыту мәселелері
2026 жылғы 10 мамыр күні Жамбыл облысы, Шу ауданы аумағындағы Ақсу су айдынында балық шаруашылығын дамыту және аквакультура саласын ғылыми тұрғыда жетілдіру мақсатында маңызды меморандумға қол қойылды. Аталған келісім Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Орман шаруашылығы, аңшылықтану және аквакультура» кафедрасы мен жергілікті тарап арасында жасалды.
Меморандумның негізгі мақсаты – өңірдегі су ресурстарын тиімді пайдалану, балық өсіру ісін ғылыми негізде дамыту, аквакультура саласына инновациялық технологияларды енгізу және білікті мамандар даярлау бағытында өзара ынтымақтастық орнату.
Кездесу барысында су айдынындағы балық қорын көбейту, экологиялық тепе-теңдікті сақтау, сондай-ақ өңір тұрғындарын сапалы балық өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, болашақта бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік жобаларды жүзеге асыру жоспарланды.
Іс-шараға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Орман шаруашылығы, аңшылықтану және аквакультура» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Атап айтқанда:
–Абаева Курманкуль Тулеутаевна;
–Искакова Гүлсим Оразымбетовна;
–Жубанышова Анар Темірхановна;
– Разуан Ерғали.
Тараптар бұл меморандум өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға жаңа серпін беріп, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.