ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

«ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ТҰЛҒАЛЫҚ НЕГІЗІ»

30.03.2026жылы «Ветеринария және зооинженерия» факультеті, «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасында, 6В05102- «Биотехнология» білім беру бағдарламасының БТ 25-06К Түркімен елінен келген білім алушылар мен Ветеринария 24-05, 24-06, 24-07 қазақ топтары білім алушыларымен бірге «Ұлттық тәрбие – тұлғалық негізі» тақырыбында мазмұнды тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында қазақ және түркімен халықтарының ортақ тарихи тамыры, салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары кеңінен талқыланды.
Білім алушылар ұлттық тәрбиенің адам тұлғасын қалыптастырудағы маңызына тоқталып, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттер туралы өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, екі халықтың мәдени ұқсастықтары арқылы бірлік пен достықтың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Сонау Түркімен елінен келіп, шет мемлекетте білім алып жүрген білім алушылар үшін мұндай іс-шаралардың маңызы зор екені анық көрінді.
Бұл кездесу олардың қазақ елінің білім алушыларымен араласып, бауырлас ұлт екенін сезінуіне мүмкіндік берді. Ата-анасынан жырақта жүрген жастарға рухани демеу болып, өздерін жақын ортада, қолдауда жүргендей сезінулеріне ықпал етті.  
Ұлттық құндылықтар (ізеттілік, қонақжайлылық, батырлық) — жас ұрпақтың бойында азаматтық болмысты қалыптастырудың негізгі құралы және осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен тәрбиені сіңіріп, саналы тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосады деп сенеміз.
 
“Зооинженерия және биотехнология” кафедрасының
аға оқытушысы Нургазина Зина Манаевна
        
 
    
   
 
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник