ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА KazNARU-да КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

✅ Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы, профессор-оқытушылар құрамы және студенттері басшылық бекіткен жоспар бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» атты ауқымды республикалық экологиялық акция аясында кезекті сенбілікке белсене қатысты.
✅ Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын ғажайып мезгілі. Қыстың ызғары кетіп, күн шуағы жерді жылыта бастағанда, айнала жасыл желекке бөленеді. Ағаштар бүршік жарып, түрлі гүлдер құлпырып, құстардың әсем үні табиғатқа ерекше сән береді. Бұл мезгіл – жаңа бастамалардың, үміт пен шабыттың символы.
✅ Шараға KazNARU әкімшілік қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен 500-ден астам студент қатысты.
✅ Әкімшілік сенбілікке қатысушыларды тиісті техника, құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етті. Сенбілікке шыққан барша жұрт оқу ғимараттары мен жатақханалардың алдын, гүлзарларды қоқыстардан тазартты. Бас ғимараттан бастап, барлық факультеттердің ішкі аулалары, стадион, көгалдандырылған аймақтар тазартылды, құрғақ ағаш бұтақтары мен жапырақ қалдықтары жиналды.
✅ Туған Университетіміз жаңғырып жасарып, гүлденіп, көркейе берсін!
KazNARU Баспасөз қызметі
---------Chatbot---------
виртуальный помощник