2026 жылға «QazInnovations» АҚ Инновациялық Гранттар Конкурсы
«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен технологияларды коммерцияландыруға «Өнімді жетілдіру және жобаның инвестицияларды тартуын қоса алғанда, коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу» жобасын іске асырудың 1-ші кезеңіне инновациялық гранттар беру бойынша конкурстың басталатыны туралы хабарлайды.
Инновациялық грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге беріледі.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 14 сәуірден 14 мамыр аралығында сағат 17:30-ға дейін жүргізіледі.
Конкурстың шарттары және талаптарымен келесі сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://qazinn.kz/ru/granty/kommercializaciya-tehnologij-1.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша жүгінуге болады:+7-775-623-14-22, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 307).