«ТИАШМИИ» ҰЗУ филиалының 1-курс магистранттарының педагогикалық практика шеңберінде ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шара
2026 жылдың 25 ақпанында «ТИАШМИИ» ҰЗУ филиалының 1-курс магистранттары педагогикалық практика аясында 2-курс бакалавр студенттерімен тәрбиелік бағыттағы іс-шара өткізді.
Іс-шараның тақырыбы – «Академиялық адалдық – ар-ожданның коррозиясына қарсы: себептері, салдары және адалдық қалқаны». Форматы – интеллектуалдық диалог және пікірсайыс.
Кездесу білім философиясына негізделген кіріспемен басталып, академиялық адалдықтың тұлғалық және кәсіби қалыптасудағы маңызы атап өтілді. Магистранттар білім беру үдерісінің басты мақсаты тек кәсіби дағды қалыптастыру емес, сонымен қатар жауапкершілік пен адалдық қағидаттарын орнықтыру екендігін жеткізді.
Пікірсайыс барысында студенттер академиялық талаптардың бұзылу себептерін талқылап, олардың салдарына талдау жасады. Уақытты тиімді жоспарламау, нәтижеге жеңіл жолмен жетуге ұмтылу сияқты факторлар айтылды. Сонымен қатар академиялық адалдықтың сақталмауы білім сапасына және болашақ кәсіби беделге әсер ететіні атап өтілді.
Қорытынды бөлімде академиялық мәдениетті нығайтудың негізгі тетіктері ұсынылды: өзіндік жұмысқа жауапкершілікпен қарау, дереккөздерді дұрыс рәсімдеу, уақытты тиімді пайдалану және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Іс-шара белсенді әрі мазмұнды форматта өтіп, студенттердің академиялық адалдық қағидаттарын саналы түрде түсінуіне және қолдауына ықпал етті.




