ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ: БІЛІМ АЛУШЫЛАР ERDA HOLDING КОМПАНИЯСЫНДА ТАХЕОМЕТРМЕН НЫСАНДАРДЫ ПАСПОРТТАУ ТӘЖІРИБЕСІН МЕҢГЕРДІ

Дуальды оқыту аясында кафедра оқытушылары Болтанұлы М. және Доқтырбек А. «Жер учаскесін паспорттау» пәні бойынша сабақтарды жетекші құрылыс компаниясы – Erda Holding базасында ұйымдастырып, өткізді.
Сабақ барысында студенттер теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алып, заманауи геодезиялық құрал – тахеометрмен жұмыс істеу дағдыларын меңгерді.
Практикалық жұмыстар аясында:
• нысандарға геодезиялық түсірілім жүргізілді;
• алынған деректер өңделді;
• техникалық құжаттама рәсімделді.
Аталған тәжірибелік сабақтар студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, болашақ маман ретінде тәжірибелік машықтарын жетілдіруге зор ықпал етті.
Студенттерімізге құнды тәжірибе алуға мүмкіндік жасағаны үшін Erda Holding компаниясына алғысымызды білдіреміз.

 

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник