ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Екі дипломдық бағдарлама аясындағы академиялық ынтымақтастық жалғасуда

2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрі белгіленген жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, білім беру үдерісі жоғары деңгейде басталды. Академиялық сабақтар бекітілген кестеге сай жүргізілуде.

Екі дипломдық білім беру бағдарламасы негізінде жасалған келісім аясында Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру ұлттық зерттеу университеті профессор-оқытушылар құрамы университетімізде оқу сабақтарын өткізуде. Қазіргі таңда студенттерге дәрістік және тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, халықаралық тәжірибе алмасу белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның жүйелі түрде жалғасуын қамтамасыз ету және академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында аталған жоғары оқу орнының бас кампусынан профессор Назаралиев Дильшат Валиджанович келіп, білім алушыларға кәсіби бағыттағы пәндер бойынша сабақ жүргізуде.

Өткізілетін дәрістер мен практикалық жұмыстар студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи ғылыми бағыттармен танысуына және халықаралық білім беру стандарттарына сай дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді.

Академиялық әріптестік аясындағы бұл жұмыс білім алушылардың теориялық даярлығын тереңдетіп қана қоймай, олардың болашақта білікті, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына берік негіз қалайды.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник