САПАЛЫ БІЛІМ САНАЛЫ ТӘРБИЕДЕН БАСТАЛАДЫ
17.02.2026 жылы "Зооинженерия және биотехнология" кафедрасының профессоры Буралхиев Батырхан Азимханович, факультеттің тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Спатай Нурәділ Нұрбекұлы және кафедраның оқытушылары, «Сапалы білім саналы тәрбиеден басталады» атты іс-шарасын №9 «Ақбота» студенттері үйінде тұратын «6В05102-Биотехнология» білім беру бағдарламасының түркімен студенттеріне өткізді.
«Сапалы білім — саналы тәрбиеден басталады» идеясының басты мақсаты — ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, рухани-адамгершілігі жоғары, дені сау, еңбекқор және жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Тәрбие мен білімді ұштастыра отырып, саналы да ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу арқылы қоғамның сапалы дамуын қамтамасыз ету көзделеді.
Жас ұрпақтың болашағы мен тағылымды тәрбиесі қай заманда да ерекше маңызға ие екені белгілі. Білім мен тәрбие егіз ұғым екенін ескерсек, университет – талай жастың талантын шыңдап, дара да дана тұлғалардың түлеп ұшар тұғырлы мекені. Университет оқу ордасы – білімнің қайнар бұлағы.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алып жатқан студенттеріміз болашақты салт-дәстүрді сақтаған, ел үмітін ақтаған білікті маман, болашақ елін белестерге бастайтын азамат болады деп сенемін.
Бақытты отбасында ғана ата-ана мен баланың арақатынасы мазмұнды, сенімді болады. Баланың тәрбиеде алатын алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады.
Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі университет студенттері. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, үлкен ағаш болып өскенде түзете алмайсың», – деп дана халқымыз бекер айтпаған.
Іс шара барысында жас буынның бойына жастайынан мейірімділік, ізгілік, адамгершілік сенімді құнды қасиеттерді сіңіріп, өзін-өзі сенімділікке тәрбиелеу үшін отбасы мен оқытушы шешуші қызмет атқарыны туралы айтылды. Сонымен қатар дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиесі туралы баяндама тыңдалды. Іс шара барысында студенттердің әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалған жоқ.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз деп білемін.
"Зооинженерия және биотехнология" кафедрасының
профессоры Буралхиев Батырхан Азимханович
.jpeg)

.jpeg)

