ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ІІ курс ветеринария студенттері арасында "Өз ойыным: Жануарлар физиологиясы" зияткерлік ойынының қорытындысы.

2025 жылғы 21 қарашада 10 корпус 118 аудиториясында "Өз ойыным: Жануарлар физиологиясы" зияткерлік ойыны өтті. Іс-шараны "Академик Н.У. Базанов атындағы Жануарлар биологиясы" кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы және Вет-24-14, Вет-24-15, Вет-24-16, Вет-24-17 және Вет-24-18А топтарымен бірлесіп ұйымдастырды.

Ойынның мақсаты: жануарлар физиологиясын оқуға қызығушылықты арттыру, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, командамен жұмыс істеу, сондай-ақ топтар арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Іс-шара барысы

Ойын екі және қосымша бір турдан тұрды.
1 тур — «Ұпайы бар ұяшықтар»
Қатысушыларға әртүрлі деңгейдегі сұрақтары бар ұяшықтар ұсынылды.
Ұяшықтар ұпай бойынша бөлінді: 100, 300, 500 және жоғары – команда қанша жоғары ұпай таңдаса, сұрақ сонша қиын болды.

2 тур — «Сөзді түсіндір»
Екінші турда командадан бір қатысушы тақта алдына шығып, аудиторияға қарап тұрды.
Экранда оның арқа жағында ағза жүйелері мен мүшелеріне қатысты сөз пайда болды.
Команданың міндеті – бұл сөзді тура атамай түсіндіру, ал қатысушы оны табуы тиіс.
Бұл тур өте динамикалы және әсерлі өтті – студенттер қимылдар мен сипаттамалар арқылы бір-біріне белсенді көмектесті.

Қосымша тур — «Супер ойын»
Финалда «Супер ойын» өтті – бұл викторинаның ең қиын және ең шиеленісті кезеңі.
Командаларға ситуациялық сұрақ берілді, ол барынша зейін, логика және білімді талап етті.


Бұл тур ойынға қызығушылық қосып, командаларға стратегия таңдауға мүмкіндік берді: жеңіл сұрақтарды алу немесе жоғары ұпай үшін тәуекел ету.

 

Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 🥇 1 орын - "Adrenalinchiki" командасы (вет-24-17 тобы)

Сыйлық: комп.тышқандарға арналған клемше

  • 🥈 2 орын-"Bioforce " командасы (вет-24-16 тобы)

Сыйлық: кружкалар

  • 🥉 3 орын - "Hypothalami" командасы (вет-24-14 тобы)

Сыйлық: үстел ойындары

  • 4 орын-"Substantia Nigra " командасы (вет-24-15 тобы)

Сыйлық: стикерлер

Қатысушылар мен оқытушылардың пікірлері:

* " Маған бәрі ұнады. Қызықты болды, кейбір жерлері күлкілі болды, тапсырмалар да жалықтырмайды. Командамен жұмыс істеу де ұнады — бәрі бір-бірін қолдады!"- Асанова Эльвира, студент.

• " Ойын ұйымдасқан және мазмұнды өтті. Студенттер белсенділік танытып, жақсы дайындық деңгейін көрсетті. Барлығына қатысқаны және сапалы жұмысы үшін алғысымды білдіремін!"- Жанабекова Гүлмира Күмісқалиқызы, каф.меңгерушісі.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға, оқытушыларға және көрермендерге белсенділік пен жағымды көңіл-күй үшін алғыс білдіреді.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник