ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

"Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты" Ұлттық зерттеу университетінің өкілі Алматы қаласындағы "ТИАШМИИ" ҰЗУ филиалына қызметтік іс-сапары

2025 жылғы 24–25 қараша күндері Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты — Ұлттық зерттеу университетінің ректоры Мирзаев Баходир Суюновичтің тапсырмасымен Трансформация және стратегия бөлімінің жетекшісі Питер Макканн Алматы қаласындағы «ТИАШМИИ» ҰЗУ-дың Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасындағы филиалының жұмыс барысымен танысу мақсатында іссапармен келді.

Іссапар аясында филиалдың қазіргі жағдайы, оқу процесінің ұйымдастырылуы, профессор-оқытушылар құрамының әлеуеті және студенттердің оқу үлгерімі бойынша кешенді талдау жүргізілді. Сонымен қатар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бірінші проректоры Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлымен кездесіп, 2026 оқу жылынан бастап филиалды кеңейту, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша мәселелер талқыланды. Технологиялық трансформация, академиялық мобильдік, ғылыми зерттеулер жүргізу және қос дипломды бағдарламаларды дамыту мүмкіндіктері де сөз болды.

Алдағы уақытта Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты – Ұлттық зерттеу университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті арасындағы әріптестік байланыс одан әрі кеңейіп, жаңа жобалар мен бастамалар жүзеге асырылмақ. Екі мемлекеттің жоғары оқу орындары бірлесе отырып, кәсіби білім берудегі жаңа белестерді бағындырады деген сенім мол.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник