ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU мен Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті мамандары арасында мазмұнды кездесу өтті

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Өзбекстан Республикасының Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің әріптестерімен мазмұнды әрі нәтижелі кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі ел мамандары кәсіби тәжірибе алмасып, "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" және "Биотехнология" білім беру бағдарламалары жан-жақты талқыланды. Тараптар оқу процесін жетілдіру, оқыту әдістерін жаңғырту және практикалық даярлық сапасын арттыру бағытында пікір алмасты.

Кездесу кезінде академик Омбаев Абдырахман Молданазарұлы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мал шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларын атап өтіп, саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы мазмұнды баяндама жасады. Ол қазіргі мал шаруашылығындағы технологиялық, генетикалық және өндірістік міндеттерді талдап, саланың дамуына кедергі келтіретін факторларды атады.

Сонымен бірге инновациялар, цифрлық технологиялар, селекцияны жетілдіру және өнім сапасын арттыру бағытында бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Академиктің құнды ойлары мен практикалық ұсыныстары қатысушылар үшін маңызды тәжірибе алаңы болып, екі ел мамандары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты одан әрі нығайтты.

Бүгінгі кездесу білім беру саласындағы байланыстарды күшейтіп, алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобалар мен оқу-әдістемелік жұмыстарға жол ашады деп сенеміз.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник