ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Абай мұрасы – ұлттық руханияттың темірқазығы. Оны ұлықтау – әр азаматтың қасиетті борышы.

 

«Ветеринария және зооинженерия» факультетінің Н.У. Базанова атындағы Жануарлар биологиясы кафедрасының 19.11.2025 ж. күні Абай Құнанбайұлының «Толық адам» іліміне арналған тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ойшыл Абайдың адамгершілік, рухани кемелдену, білім мен тәрбие жөніндегі қағидаттарын студенттерге терең түсіндіру, жас ұрпақты ізгілікке, парасаттылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу болды.

Шара барысында студенттер Абайдың қара сөздерінен үзінділер мен өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Толық адам» тұжырымдамасының қазіргі жастар үшін маңызын ашып көрсетті. Сахналық көріністер, шығармашылық жұмыстар және ойтолғаулар арқылы Абай ілімінің рухани құндылығы көрерменге әсерлі түрде жеткізілді.

Іс-шараға Н.У. Базанова атындағы Жануарлар биологиясы кафедрасының меңгерушісі Джанабекова Г.К., және профессор-оқытушылар құрамы қатысып, студенттердің белсенділігі мен өнеріне жоғары баға берді.

Бұл іс-шараны 1 курс, Вет 25-12 тобының студенттері жоғары деңгейде ұйымдастырып, жауапкершілігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Топ тәлімгері З.А. Шытырбаева студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесіне ерекше мән беріп, іс-шараның мазмұнды өтуіне үлкен үлес қосты.

 



---------Chatbot---------
виртуальный помощник